Сағынтаев медициналық сақтандыру жүйесіне енгізу үшін барлық жұмыссызды табуды тапсырды

01 Тамыз 2017, 14:54
1
Сағынтаев медициналық сақтандыру жүйесіне енгізу үшін барлық жұмыссызды табуды тапсырды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды одан әрі енгізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 
 
Отырыс аясында МӘМС енгізу тақырыбында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Е. Бахмутова, Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов, Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин және Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С. Лұқпанов баяндама жасады.

Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау, ақпарат және коммуникациялар министрліктеріне облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірге жұмыс берушілер, кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыруды тапсырды. Бұдан өзге, Мемлекеттік кірістер комитетімен бірге жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарын төлеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізу тапсырылды.  

Сондай-ақ, премьер-министр табыстары төмен, немесе жоқ азаматтарға баса назар аударуды тапсырды. Оған бейресми сектор жұмысшылары, тіркелмеген жұмыссыздар, мәртебесі жоқ тұлғалар жатады.

Бұл азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен бірге келесілерді пысықтау тапсырылды: осындай тұлғаларды олардың мәліметтерін (ЖСН, мекен-жайы, телефоны және т. б.) көрсете отырып, сәйкестендіру тетігі; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту мақсатында оларды жұмыспен қамтамасыз ету шаралары.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігіне "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңға жақында енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ағымдағы жылдың тамызының соңына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуді жеделдету тапсырылды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай