30 мамыр 2017 11:23

Сағынтаев Таразда дауылдан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев үкімет басшысына Таразда болған жойқын дауылдың салдары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев үкімет басшысына Таразда болған жойқын дауылдың салдары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тараз қаласындағы 13-ші ықшамауданда жылдамдығы секундына 30 метрге жететін дауыл тұрып, үйлердің шатырлары құлады. 1994 жылғы жұмысшы Бексейітов және 1963 жылғы Нұржан - екеуі де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 8-сынып оқушысы Мәметалиев Бекзат сымды басып кетіп, қаза болды. Дәл сол уақытта тұрғын үйдің металл қақпалары құлап, 1986 жылғы Хамитқызы мен 1966 жылғы Бексұлтанова жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 2006 жылғы Орынбасар есімді ер адамға ағаш құлап, ол да ауруханаға жеткізілді", - деді өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев үкімет отырысы барысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ағаштардың жаппай құлауына байланысты электр желіс мен газ сымдары үзілді. Төтенше жағдайдың себептерін анықтайтын және зардап шеккендерге көмек көрсететін комиссияның бірінші орынбасарының басшылығымен комиссия құрылды. Әкімнің айтуынша, таңғы уақытта апат-құтқару қызметіндегілер жарық жүйесі 100 пайызға іске қосылды, сондай-ақ, қаланы құлаған ағаштардан және қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қаланың үздіксіз тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін, әсіресе жарық беру және газбен қамту желілері бойынша барлық шараларды қолдану қажет. Бірінші кезекте, қайтыс болғандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілуі тиіс", - деді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетейік, кеше, 29 мамырда Таразда қатты дауыл тұрып, екі адамның опат болғаны жайлы хабарланған болатын. "13-ші ықшамаудан. Жел тұрған кезде баған құрылысшылардың үстіне құлаған. Екі адам қаза тапты. Қолайсыз ауа райында сақ болыңыздар, тараздықтар", - деп пікір жазған еді @tip_taraz деген қолданушы.

Ал кейінірек бұрын-соңды болмаған дауылдан тағы бірнеше адамның зардап шеккені хабарланды. Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі әйел мен бір бала зардап шеккен. Желдің жылдамдығы секундына 27 метрге дейін жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети