05 ақпан 2014 21:01

С.Ахметов ауылшаруашылығы жерлерін мақсатсыз пайдаланғандарды қатаң жауапкершілікке тартуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Егістік
©РИА Новости Егістік ©РИА Новости

"Бүгін өткен Ауылшаруашылығы министрлігінің алқа отырысында ҚР Премьер-министрі ауылшаруашылығы қажетіне ғана жұмсалуы тиіс жерлердің мақсатсыз пайдаланылып жатқан фактілердің жоқ еместігін алға тартып, мұндай жағдайда жауапкершілікті күшейту керектігін баса айтты" деп жазады, Tengrinews.kz тілшісі. "ҚР Өңірлік даму, сонымен қатар, ҚР Ауылшарушылығы министрліктеріне салалық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, ауылшаруашылығы жерлерінің дұрыс игерілмегені үшін қатаң жауапкершілікке тартудың жолдарын қарастыруды тапсырамын", - деді С.Ахметов. Министрлер кабинетінің басшысы сондай-ақ, облыс әкімдеріне де бірқатар міндеттер жүктеді, яғни олар да С.Ахметовтың тапсырмасы бойынша бүгіннен бастап-ақ ауылшарушылығы жұмыстарына қарастырылған жерлердің мейлінше дұрыс пайдаланылуына мүмкіндік беретін тиімді тетіктер енгізілген жоба жасауға кірісулері тиіс. "Қазақстан жерлері бірдей емес. Климат та әртүрлі. Демек инфрақұрылымдар тарту, оны дамыту, шаруашылықтарды материалдық-техникалық жабдықтау сайып келгенде, әр өңірде әртүрлі қаражат қажет етеді. Мұндай жағдайдың ескерілмеуі өз кезегінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындар арасындағы бәсекелестікке кері әсерін тигізбей қомайды. Сол себепті де, бізге әр өңірдің ауа-райына байланысты қай жер қандай өнім беруге қолайлы екендігін ескере отырып, оларға нақты-нақты бағыт-бағдар беруіміз керек", - деп мәлімдеді С.Ахметов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети