14 қазан 2016 14:01

Сәләфизмді жақтаушылар өз идеяларын ұлттық дәстүрден жоғары қояды - Ермекбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kagro.kz © Kagro.kz

Дін және азаматтық қоғам істері министрі Нұрлан Ермекбаев сәләфизмге қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Дін және азаматтық қоғам істері министрі Нұрлан Ермекбаев сәләфизмге қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан Республикасы үшін сәләфизм лайық емес және деструктив діни ағым болып келеді деп есептейміз. Оның кірме идеология екендігін атап өтуіміз керек. Күн өткен сайын азаматтарымыздың қарсылығына ұшырап келеді. Қазақстандық қоғам осы бір радикализмге жетектейтін жат діни ұғымға қарсы", - дейді Ермекбаев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясы барысында.

Министр қазір Қазақстанда сәләфизмді ұстанушылар қатары азайғаны байқалатынын және олар Қазақстанда ұйымдастырушылық құрылымға ие еместігін атап өтті.

"Біздің ары қарайғы жұмысымыз сәләфизм идеологиясын насихаттайтын әдебиеттер мен интерент-сайттардың таралуына жол бермеуге бағытталады", - деп мәлімдеді ол. 

Министрлік басшысының пікірінше, Қазақстанның саналы қоғамы бұл ағымның таралуына заң тұрғысынан тиым салмай-ақ жол бермейді.

"Айта кетейін, Қазақстанда қазірде 23 террористік және экстремистік ұйымға тиым салынды", - деді Ермекбаев. Ол сәләфизмнің ұйым емес, діни ағым, көзқарастар жүйесі екендігін атап өтті. Шариатты ұстанатын кей мемлекеттерде сәләфизмге жақын діни ағымдар дәстүрлі болуы мүмкін. Ал Қазақтанда қазіргі теологтар сәләфизмнің Қазақстан үшін айтарлықтай диструктив қаупі жоқ деген ортақ пікірге келетінін де айтып өтті министр.

"Сәләфизмді жақтаушылар өз идеяларын ұлттық дәстүрден, мәдени-рухани құндылықтардан жоғары қояды. Сәләфизм ұстанушылар үшін ең жетілген қоғамдық құрылым ол - қатаң діни қағидаттарға құрылған қоғам болып келеді. Дегенмен, олар бұл туралы ашық айта бермейді ", - дейді министрлік басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ислам әлемінде сәләфизм идеясы беделді дін басылары мен алдыңғы қатарлы ислам ойшылдары тарапынан сынға ұшырап отыр..

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети