27 шілде 2022 09:42

Самокаттар мен мопедтер: Алматыда қанша жол-көлік оқиғасы тіркелген?

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Фото Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Алматы полициясы қалада мопедтер мен самокаттардың қатысуымен қанша жол-көлік оқиғасы болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полициясы қалада мопедтер мен самокаттардың қатысуымен қанша жол-көлік оқиғасы болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакция сауалына берген жауапта Алматы қалалық жергілікті полиция департаментінің бастығы Ержан Ұзабаев 2022 жылдың алты айында қалада жылжымалы көліктердің қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін айтты. Олардың ішінде 81 адам зардап шекті, бір адам қаза тапқан. Мопедтермен 49 жол-көлік оқиғасы болып, 58 адам зардап шеккен, электрсамокаттармен – 22 жол-көлік оқиғасынан, 23 адам зардап шеккен.

"Шынымен, қазір Алматыда жеке көлік құралдарының қозғалысына қатысты өткір мәселе туындады, өйткені бұл көлік түрлерін басқаратын адамдар жол жүру ережелерін жиі бұзады. Статистика бойынша, баламалы жол-көлік оқиғаларының саны кейінгі айларда көбейді", - деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы.

Мұндай жол-көлік оқиғаларының саны әсіресе көктемнің аяғы мен жаздың басында көбейеді. Сәуірге дейін мопедтердің қатысуымен үш, электрсамокаттардың қатысуымен жеті жол-көлік оқиғасы болса, мамырда мопедтермен 20, электрсамокаттармен 4 оқиға тіркелген. Маусымда мопедтердің қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы, ал электрсамокаттардың жол-көлік оқиғасы тоғызға дейін көбейген.

Көбіне мопедтер мен электрсамокаттар оқиғасы негізгі көшелерде тіркеледі. 

Еске салайық, Қазақстанда электрсамокаттарға қатысты жаңа шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети