30 мамыр 2017 14:06

"Самрұқ-Қазына" өкілдері қызметкерлерге қанша сыйақы төленгенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ өкілдері қордың басқарушы қызметкерлеріне сыйақы беруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ өкілдері қордың басқарушы қызметкерлеріне сыйақы беруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесі 8 тұлғадан тұрады. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, президенттің көмекшісі Әлихан Смаилов, Өмірзақ Шөкеевтің өзі және тәуелсіз үш директор - Барон Оливье Дэкамп, Ричард Эванс пен Александр Мирчев. Өмірзақ Шөкеевтің сыйақыдан бас тартқанын есепке ала отырып, директорлар кеңесінің әрбір мүшесіне 90 миллион теңгеден берілді немесе айына 7,5 миллион теңге сыйақы берілді", - дейді қордың баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен бірге, шығындар тәуелсіз директорларға ғана шығарылатыны айтылады. Кеңеске кіретін мемлекеттік қызметкерлер ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" заңына сәйкес ешқандай сыйақы алмайды. 

Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеуге жалпы 630 миллион теңге жұмсалған. 2015 жылы сыйақы ретінде 576 миллион теңге төленді. 

Бұл шығындарға еңбекақы, еңбек демалысы мен өзге де төлемдер, салық пен жеңілдіктер, мәселен, медициналық сақтандыру, баспанамен, қызметтік көлікпен қамтамасыз ету кіреді. 

"Қордың басқарма мүшелері салыстырмалы түрде азырақ алды. Оларға басқарушы қызметкерлерге бөлінген  923 миллионнан 293 миллион төленді. Басқарушылар саны, Өмірзақ Шөкеевті қосқанда, бес адам. Сонда әрқайсына орташа алғанда 73,25 миллион, яғни, айына 6 миллион теңгеден астам ақша келді", - деді қор өкілдері. 

"Басқарушы қызметкерлерге әкімшілік шығындарды қосқанда, төленетін сыйақы жылына 7, 182 миллион теңге болды. Ол 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды. Жеке қаржылық есепте басқа сома көрсетілген - 923 миллион теңге. Көрсетілген екі сома да дұрыс. 923 миллион қор шығыны бойынша ғана, ал біріктірілген қаржылық есепке қордың қарамағындағы компаниялардың да шығыны көрсетілген - 7 182 миллион теңге", - дейді компания өкілдері. 

Бұл қаржы қордың және оған қарасты компаниялардың басқарушы қызметкерлеріне жыл бойғы төленген қаржы. Ал басқарушы қызметкерлердің жалпы саны 120 адам.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети