"Самұрық-Қазына" компаниясының шығыны 520 миллиард теңгеге қысқарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Akorda.kz © Akorda.kz

Елбасы "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елбасы "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Шөкеев кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингті трансформациялау бағдарламасын және оның активтерін жекешелендіруді жүзеге асыру барысы туралы, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру шаралары жөнінде баяндады.

Айталық, 2015 жылы компанияның ағымдағы шығыстары 520 миллиард теңгеге қысқартылды, басымдығы жоқ бірқатар инвестициялық жобалар кейінге қалдырылды, соның арқасында 255 миллиард теңге үнемделді. Кредиторлармен келіссөздер нәтижесінде компаниялар тобының жалпы қарызы 7 миллиард долларға азайды.

Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру бағдарламасының маңыздылығын атап өтіп, осы үдерістің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету міндетін қойды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті әлемдік экономиканың тұрақсыздығына қарамастан, холдинг әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға тиістігіне назар аударды.

Шөкеев өңірлердегі ірі жобаларға, соның ішінде Атырау облысындағы мұнай химиясы өнімдерін шығаратын кәсіпорын құрылысына, Жамбыл облысындағы каустикалық сода және глифосат өндіретін өндірістік кешенге, сондай-ақ "Солтүстік-Шығыс" электр тарату желісінің құрылысына инвестиция салу көлемі ұлғайғаны туралы айтты. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro