30 желтоқсан 2014 17:25

Санитар мамандар кәсіпкерлерді жарты жыл бойы тексермейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©sklad-man.ru ©sklad-man.ru

Кәсіпкерлік пен қазақстандықтардың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы салаларындағы 2015 жылғы тексеріс шараларының тәртібі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішевке сілтеме жасап.


Кәсіпкерлік пен қазақстандықтардың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы салаларындағы 2015 жылғы тексеріс шараларының тәртібі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішевке сілтеме жасап.

30 желтоқсанда Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев кәсіпкерлік пен қазақстандықтардың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы салаларындағы 2015 жылғы тексеріс шаралары туралы бұйрыққа қол қойды.

"Бұйрықтың негізінде кәсіпкерлік субъектілері 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарлы тексерістен босатылады. Жоспарлы тексеруден тек кәсіпкерлік субъектіге жатпайтын нысандар өтеді. Олардың негізгілері - мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтау нысандары", - деп түсіндірді Мәтішев.

Оның айтуынша, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызуға қатысты қабылданған заңға сәйкес тексеріс қатердің төрт түрлі деңгейі бойынша бағаланып, соған орай жүргізіледі. Бұл тексерістің бірінші тобы, ол эпидемиологиялық нысандарда қолданылады. Егер қатер жоғары деңгейде болса тексеру жарты жыл сайын жүргізіледі, егер орташа болса жылына бір рет.

"Қатердің болмашы деңгейіне кіретін нысандар тексеруден босатылады, оларға тек ескертулер жасалады. Бүгінгі таңда бақылауда тұрған барлық нысанның 60 пайызы қатердің болмашы деңгейіне жататын нысандар, 30 пайызы орташа және 10 пайызы жоғары деңгейге кіреді. Қатердің жоғары деңгейіне кіретін нысандардың қызметінен жаппай улану болуы мүмкін (қоғамдық тамақтандыру орындары, білім беру, денсаулық сақтау, сумен жабдықтау). Қатердің орташа деңгейіне кіретін нысандардың қызметінен бірлі-жарым улану болуы мүмкін (дайын ас өнімдерін өндіруші нысандар, су қоймасы, базарлар). Қатердің болмашы деңгейіне кіретін нысандардың қызметінен тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпайтын ауру түрлері тарауы мүмкін (ұсақ бөлшек сауда нысандары, қалдықтарды тасымалдайтын және жинайтын нысандар, моншалар, сауналар)", - деді Мәтішев.

Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, екінші топ - іріктеп тексеру. Бұл тексеруге жоспарланбаған және тексерістің басқа да түрлері бойынша тексерудің нәтижелері бойынша шығарылған қорытындыларға сәйкес, санитарлық ережелер мен нормаларды сақтамағандар ілігеді. Үшінші топ - жоспарланбаған тексеріс.  

"Бұған дейін айтып өткеніміздей, адамның өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретін олқылықтарды жою туралы айтылған ескертпелер орындалмайтын болса сол нысан тексерілетін болады. Төртінші топқа тексерістің басқа да түрлері кіреді, камералық бақылау (нысанға шықпай-ақ қашықтан бақылау), өнім қауіпсіздігінің мониторингі (өнімді зертханада тексеру мен іріктеу), рұқсат қағаздарын беруге қатысты өтінімдер (нысанға санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру, жобалар, өнімдер, қызмет көрсету), үй ішіндегі жұқпалы ауруларды тіркеу кезіндегі тексеріс (тексеру нысанының қызметіне жатпайтындар)," - деді ол. 

"Айта кету керек, тексерудің ерекше тәртібіне көшу арқылы тексерістің балама түріне өтуге болады: санэпид аудит - тәуелсіз аудит, ол  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қатысты заңнамалық тәртіпті сақтайды, өндірістік бақылауды ХАССП Hazard Analysis and Critical Control Points (менеджмент жүйесінің сапасы - Автор) жүйесіне енгізеді. Осылайша 2015 жылдың екінші жартыжылдығында жүргізілетін тексерулердің тәртібін қалыптастыратын бақылау субъектілерінің аталған тәсілдерді енгізуге мүмкіндіктері болады", - деді Мәтішев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети