03 сәуір 2017 20:24

Санкт-Петербург метросындағы жарылыстан кейін Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматы метрополитеніне келген барлық жолаушыны кіре берісте мұқият тексеретін болады,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл шара Санкт-Петербургтегі жер асты жарылысынан кейін шығарылған шешім болды. 


Алматы метрополитеніне келген барлық жолаушыны кіре берісте мұқият тексеретін болады,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл шара Санкт-Петербургтегі жер асты жарылысынан кейін шығарылған шешім болды. 

Жалғасы

"Жарылыс туралы ақпарат түскеннен кейін, біздің көліктегі қауіпсіздік қызметі метроға кіре берістегі бақылау шараларын күшейтті. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін адамдар саны екі есеге көбейді", - дейді Алматы метрополитенінің баспасөз қызметінің өкілі Ажар Хабиева. 

Хабиеваның айтуынша, көліктегі кауіпсіздік қызметі көліктегі ІІД-нің қызметкерлерімен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Алматы метрополитен баспасөз қызметінің өкілі жолаушыларды осы шараларға түсінікпен қарауды сұрайды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, 20-сы зардап шекті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.  

"Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді. Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында Санкт-Петербург метросында болған жарылыс туралы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети