Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Сапалағы бар" заңгерді қолдайтын петиция пайда болды

19 Тамыз 2014, 18:18
0
Евгений Танков сот залында. ©Айсұлу Бұштаева
Евгений Танков сот залында. ©Айсұлу Бұштаева

Интернетте "шыбын өлтіретін сапалағы бар" заңгер Евгений Танковты қолдайтын петиция пайда болды, - деп хабарлайды "Новый Вестник". Еске сала кетейік, сапалақпен қаруланған заңгер судьяға шабуылдағаны үшін үш жылға сотталған болатын.

Заңгерге қолдау білдірген қозғалыс халықаралық сипат ала бастады. Интернетте пайда болған петицияға қол қою Танков ісін қайта қарауға дауыс беру болып есептеледі. Бүгінде әлемнің әр түкпірінен петицияға 285 адам қол қойған.

"Қарағанды қаласында белгілі суретші, адвокат әрі қоғам қайраткері Евгений Танков тұрады. Осы жылдың 24 шілдесінде біздің "сот жүйеміз" оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Біз 10 жылдан астам адвокаттық, құқыққорғаушылық, қоғамдық, көркем шығармашылық қызметінде оның қиын жағдайға тап болған жүздеген қарапайым адамға көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге, біздің әлеуметтік, қоғамдық, азаматтық өміріміздің ең өткір мәселелерін көтеріп жүргенін айтқымыз келеді", - делінген заңгерге қолдау білдірген мәтінде.

Еске сала кетейік, бұл жанжал азаматтық істі қарау кезінде болған еді. Заңгер судья Арай Алшынбековтен өз еркімен соттан бас тартуды талап етті. Бұған келіспеген судья Танковтың ашуын келтірді, ол қолына шыбын өлтіретін сапалақты алып, судьяны салып-салып жіберді. Сот қызметкерлері оны заңгерден арашалап қалды. Танковтың әрекетінен судьяның екі саусағы жарақаттанды. "Сапалағы бар" заңгер "Сот төрелігін іске асырумен байланысты қауіп төндіру немесе зорлық-зомбылық" және "Сотты құрметтемеу" баптары бойынша айыпты деп танылды. Танков үкімге шағым келтіретінін айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай