19 желтоқсан 2014 17:29

Сапарбаев Калачи мен Березовка тұрғындарын тексеруден өткізуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бердібек Сапарбаев. ©oskemen.info Бердібек Сапарбаев. ©oskemen.info

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Ақмола облысындағы Калачи ауылы мен Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылдарының тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізуді тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Үкіметі басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 


ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Ақмола облысындағы Калачи ауылы мен Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылдарының тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізуді тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Үкіметі басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Ақмола облысының Калачи және Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылдарындағы қалыптасқан жағдай туралы мәселелер қаралған селекторлық кеңес болып өтті. Оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Кеңес қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдарға 2015 жылдың 10 қаңтарына дейін аталған ауыл тұрғындарын түгелдей профилактикалық тексеруден өткізуді және атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы толық ақпарат беруді тапсырды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ақмола облысындағы Красногорский ауылдық округіне енетін Калачи ауылында тұрғындар өткен жылдың наурызынан бері "ұйқышылдық ауруына" шалдыққан еді. Дәрігерлер ауырған тұрғындарға "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" деген диагноз қойды. Ауыл бұрынғы Красногорск шахтерлер қалашығынан 600 метрде орналасқан. Бүгінде онда 680 адам тұрады. Жуырда жергілікті билік тұрғындардың өтініші бойынша ауыл халқын келесі жылы басқа жаққа көшіруді қолға алатынын мәлімдеді. 

Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылының тұрғындары да жергілікті биліктен басқа ауылға көшіруді сұрап отыр. Елді мекенде биылғы қараша айының соңынан бастап, балалар талып қала бастады. Соңғы мәліметтер бойынша, дәрігерлерге 100-ге жуық тұрғын көрінген. Тұрғындар беймәлім ауруға Қарашығанақ кен орнынан ауаға тарап жатқан зиянды қалдықтар кінәлі деп есептейді. Дәрігерлер уланған балаларға "зорығу" деген алдын ала диагноз қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети