12 ақпан 2018 11:21

Сара Назарбаева 77 жасқа толды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сара Назарбаева Сара Назарбаева

12 ақпан Сара Назарбаеваның туған күні. Бүгін Қазақстан Президентінің жұбайы 77 жасқа толып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


12 ақпан Сара Назарбаеваның туған күні. Бүгін Қазақстан Президентінің жұбайы 77 жасқа толып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған байланысты бүгін еліміздегі барлық мектепте "Өзін-өзі тану" сабағы өтіп жатыр. Айта кетейік, Сара Назарбаеваның бастамасымен елімізде рухани - адамгершілік "Өзін-өзі тану" білім беру жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1992 жылдың ақпанында "Бөбек" Халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін қалап, қордың президенті қызметін атқарып келеді. Қор осы күнге дейін мыңдаған қайырымдылық акцияларын өткізіп, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетті.

Ал 1994 жылдың жазында Сара Алпысқызы Назарбаева "SOS балалар ауылы" қорының президенті болып тағайындалды. 1999 жылы "Демография" қайырымдылық қорын басқарды.

Қайырымдылық және қамқорлық саласындағы ерен еңбегі үшін Сара Назарбаева халықаралық ұйымдардың көптеген марапаттарына ие болды. Олардың арасында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы Халықаралық жүлдесі, Unity халықаралық жүлдесі, "Құрманжан Датқа" жүлдесі сияқты елеулі марапаттар бар. Ол Шыңғыс Айтматов атындағы "Өзін-өзі тану философиясына қосқан ұлы үлесі үшін" алтын медальінің иегері. Сара Алпысқызы Софи Лореннің қолынан Ресей Қызыл Крест қоғамы тағайындаған және өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған көпжылдық қызметі үшін берілетін "Алтын жүрек" халықаралық жүлдесін алды.


© REUTERS

Ал 2017 жылдың қарашасында Ақмола облысы Ақкөл ауданында "Сара Назарбаева атындағы табиғи саябақ" жобасының таныстырылымы өтті. Жоба презентациясын "Тұрақты даму" Жер қоры президенті Алан Бесен таныстырған.


© РИА Новости

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети