22 қыркүйек 2021 17:28

Сарапшы +997 кодына көшуге қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

"Қазақстан Интернет Ассоциациясы" президенті Шавкат Сабиров халықаралық телефон кодын +7-ден +997-ге өзгерту туралы пікірін айтты. Сарапшының айтуынша, пандемия кезінде бұл шешім "мезгілсіз және көптеген мәселе туғызады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан Интернет Ассоциациясы" президенті Шавкат Сабиров халықаралық телефон кодын +7-ден +997-ге өзгерту туралы пікірін айтты. Сарапшының айтуынша, пандемия кезінде бұл шешім "мезгілсіз және көптеген мәселе туғызады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пандемия мен осындай қиын экономикалық жағдайда маңызы жоқ істі жасап керек емес. Телефон кодын өзгертуге қатысты ешқандай мәселе жоқ. Біз шұғыл жасалу керек жұмыстар, шешімі табылмаған мәселелердің орнына көше атауларын, телефон кодтарын ауыстырамыз. Америка, Канада және бүкіл Кариб аймағы +1-ді ұзақ уақыт пайдаланды. Ешқандай мәселе жоқ, бәрі жақсы. +7 бұрынғы Кеңес Одағы елдері - Қазақстан және Ресейде ғана, басқа ешкімде жоқ. Қаншама жұмыс жасалу керегін елестетіңізші.

Мысалы, менде үш мыңнан аса телефон нөмірі бар. Бәрі контактілерді +997 нөміріне ауыстырады. Маған да +7 деп тұрған барлық нөмірді өзгерту керек, қайта сақтау керек. Бұл мені таңғалдырады", - деді Сабиров.

Шавкат Сабиров телефон кодын +7-ден +997-ге ауыстыруды ел экономикасы тұрақталғанда және өзгерістерге төтеп беретін кезеңге дейін шегеру керек деп санайды.

"90-жылдардың басында, Қазақстан тәуелсіздік алған кезде көшелер мен қалалардың атауын өзгерте бастағанын түсінемін, бірақ бұл нөмірмен 30 жыл өмір сүрдік. Пандемия, карантин кезінде, адамдар жұмыссыз қалғанда, біз тағы да мәселе туындатып отырмыз. Мен енді ештеңеге таңғалмаймын. Кейінге қалдыру керек. Ел пандемиядан есін жиғанда, экономика қарқынды жұмыс істегенде, өзгертуге болады. Бірақ қазір емес", - деді Шавкат Сабиров.

Бған дейін Қазақстанда халықаралық телефон коды +7-ден +997-ге өзгеретіні хабарланған болатын. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Министрлік Қазақстандағы байланыс операторлары кодтары жаңа халықаралық кодқа ауысқанда, өзгермейтінін түсіндірді. Сонымен қатар, Цифрлық ғылым министрлігі қазақстандықтарға телефондағы нөмірлерді қолмен өзгертуге тура келетінін айтты, бірақ +997-ге емес, себебі бұл - халықаралық телефон коды. Қазақстан ішіндегі қоңырауларға арналған префикс өзгеше, қысқа болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети