10 желтоқсан 2021 15:31

Сарапшы: Олардың несиесі біздің депозитіміздің есебінен жабылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Алматыда соңғы бірнеше күнде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ғимараты маңында дүрбелең болды. Жағдай 8 және 9 желтоқсанда ушығып, жиналғандар жалған хабарламаға сеніп, Қазақстанда "несиелік амнистияны" қайтадан жариялауды талап етті. Танымал экономист Андрей Чеботарев Tengrinews.kz тілшісіне қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға кім кінәлі екенін түсіндіруге тырысты.


Алматыда соңғы бірнеше күнде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ғимараты маңында дүрбелең болды. Жағдай 8 және 9 желтоқсанда ушығып, жиналғандар жалған хабарламаға сеніп, Қазақстанда "несиелік амнистияны" қайтадан жариялауды талап етті. Танымал экономист Андрей Чеботарев Tengrinews.kz тілшісіне қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға кім кінәлі екенін түсіндіруге тырысты.

Маманның айтуынша, "несиелік амнистия" жасауға болмайды, өйткені бұрын мұндай "әрекет" дұрыс жасалмаған. Экономист сол кезде талаптарға сай келгеннің бәрінің несиесі есептен шығарылғанын еске салды. Оның ішіне, "Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары да кірген және мұндай жағдайлар аз емес.

"Бірақ ең қызығы, мұндай құралдар бар. Оны банктердің несие комитеті қарайды, кейінге қалдыру мен демалыс беру, пайыздарды кешіру, қарызды тіркеу және тағы да көп нәрсе жасалады. Бірақ мұның бәрі жеке жасалады. Бұл солай болуы керек, өйткені форс-мажор жағдай болған адам көп емес", - деді Чеботарев.

Экономист Қазақстанда "кредиттік рақымшылық" жасауға болмайтын тағы бір, неғұрлым ауқымды себебін түсіндірді. Оның айтуынша, егер рақымшылық болса, мемлекет "банктерді құтқаруға" мәжбүр болады.

"Банктердің жарғылық капиталының 10 пайызы ғана бар екенін ұмытпаңыз. Қалған қаражат депозиттегі ақша. Бұл ақшасын депозитке салып, пайызын күтіп отырған басқа адамдардың ақшасы. Ал несиені есептен шығарса, сіздің салымыңыз несиесі бар адамға беріледі екен. Салымның иесі мұнымен келісе ме? Менің ойымша, бұл екіталай", - деді ол.

Сарапшының пікірінше, ғимарат маңына жұрттың жиналуы ең алдымен көпшілік кінәсінен.

"Несиені есептен шығарып, пайыздық мөлшерлемеміз тым жоғары дегендерге айтарым, бізде осындай құндылық, инфляция бар екенін ұмытпауға кеңес беремін. Сондықтан бәріне сенудің қажеті жоқ", - деп кеңес берді ол.

Сондай-ақ, Чеботарев бұл жағдайға жеке адамдар мен олардың мәлімдемелері де кінәлі деп санайды. Сарапшы қарапайым азаматтар кез келген уәдені болашақта орындалады деп қабылдайтынын атап өтті.

"Бұл ауызша интервенция деп аталатын нәрсе: сіз адамдарға уәде бересіз, олар солай болады деп ойлайды. Бірақ олай болатыны нақты емес. Дегенмен адамдар қазірдің өзінде ойлайды: "О, керемет, кейін "несие амнистиясы" болады. Сондықтан iPhone алып, төлемей қоюға болады". Сондықтан, кез келген "несие амнистиясына" қатысты депутаттардың әрбір мәлімдемесі несиенің төленбеуін арттырады. Бәрі қандай да бір жеңілдік болатынына сенгісі келеді. Кредит кешірілуі мүмкін деген пікір айтылса, ол жерде міндетті түрде адам жиналады. Сондықтан бұлай көпшілікке ашық айтуға болмайды. Әсіресе қолында билігі бар адамдар", - деді экономист.

Осыған байланысты Чеботарев мұндай адамдарды мәлімдемесі үшін жазалауды ұсынады. Бірақ бұл қылмыстық қудалау немесе әкімшілік айыппұл болмауы керек, деді ол.

"Экономика факультетінің түлегі, қаржы компаниясының бас директоры болған адам "тез арада "несиелік амнистия" керек, бұл мемлекетке тиын-тебен, ал халыққа көмек болады" дегенде төбе шашым тік тұрады. Бұл - біліксіздік.

Бірақ бұл адамдар шынымен проблема туғызады: бүкіл банк секторы үшін де, біздің болашағымыз үшін де. Олар жазалануы керек, бірақ қылмыстық емес. Мен оларды түрмеге жабуға шақырмаймын, тіпті оларға әкімшілік айыппұл салуды да ұсынбаймын. Біз популизмнің неге әкелетінін, оның жаман болуы мүмкін екенін түсінуіміз керек", - деп қосты сарапшы.

Толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети