03 сәуір 2014 09:49

"Сарыарқа" хоккей клубы жартылай финалды сәтті бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vhlru.ru сайтынан Фото vhlru.ru сайтынан

Кеше Қарағанды қаласының "Сарыарқа" хоккей клубы сырт алаңда жартылай финалдың алғашқы ойынын өткізді. Башқұртстанның Нефтекамск қаласында болған матчта қазақстандық хоккейшілер Жоғары хоккей лигасының қазіргі чемпионы, өзінің азулы қарсыласы - "Торос" командасын жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 

Бұл ойында "Сарыарқаның" басымдығы барынша байқалды. Команда бірінші кезеңде есеп ашып, екінші кезеңде тағы екі шайба, ал үшінші кезеңде төртінші шайбасын соқты. Есеп - 4:0. "Торос" тек бір шайбамен ғана көзге түсті. Қорытынды есеп - 4:1. Осы орайда айта кетер жәйт, Жоғары хоккей лигасының соңғы чемпионатында бұл екі команда финалда кездескен болатын. Сол кезде де "Торос" алғашқы ойында оңбай ұтылса да, кейінгі матчтарда есесін қайтарып қана қоймай, "Братина" кубогын да жеңіп алды. Осы жолғы чемпионатта "Сарыарқа" мен "Торос" жартылай финалда кездесіп отыр. Мұнда да қарсыласты төрт рет жеңу керек. Әзірше, "Сарыарқа" командасында бір ұпай бар. Екінші ойын бүгін, сәуірдің 3-і күні Нефтекамск қаласында өтеді. Одан кейін командалар сәуірдің 6-7-сі аралығында Қарағанды қаласында кездеспек. 

Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасы - Құрлықтық хоккей лигасынан кейінгі чемпионат. Онда Қазақстанның екі командасы - "Сарыарқа" (Қарағанды) және "Қазцинк-Торпедо" (Өскемен) өнер көрсетеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети