26 шілде 2020 | 17:21

Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: полиция басшысына шабуыл жасалғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: Tengrinews.kz Коллаж: Tengrinews.kz

Сәтбаевтағы тәртіпсіздік кезінде Жезқазған қаласы полиция департаментінің басшысы Амангелді Кұрмановқа шабуыл жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сәтбаевтағы тәртіпсіздік кезінде Жезқазған қаласы полиция департаментінің басшысы Амангелді Кұрмановқа шабуыл жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі видеодан наразы топ полиция қызметкерлерін қоршап алғанын көруге болады. Онда белгісіз ер адам Амангелді Кұрмановты ұрған. Топтағы басқа адамдар да белгісіз ер адамның әрекетін қайталаған. Тәртіп сақшылары кейін шегінген.

Тengrinews.kz редакциясы Жезқазған қаласы полиция департаментінің басшысы Амангелді Кұрмановқа хабарласып, оқиғаның мән-жайын білуге тырысты. Ол редакцияға видео жіберіп, Сатбаевта не болғанын айтып берді.

"Мен - Жезқазған қаласы полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Кұрмановпын. 5 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабарды алған соң, мен полиция басқармасына барып, жеке құрамды жинадым. Кейін Сатбаев қаласына шұғыл аттандық. Сағат түнгі 1:30 шамасында оқиға орнынан жеттік. Онда өте көп адам жиналғанын көрдік. Жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Адамдар педофилді беруді талап етіп, ол тұратын үйдің подъезіне кірмекші болды.

Біз подъезді қоршап, бірінші қатарда тұрдық. Осы сәтте топтағы адамдар айғайлап, полицейлерді бір-бірден алып кету керегін айтты. Олар менің жанымда тұрған тәртіп сақшысын ұстап алды да өзіне қарай тарта бастады. Ол қызметкердің қолынан ұстап алып, оның артынан бардым. Адамдардан полицейді жіберуді талап еттім. Себебі, оның кінәсі жоқ еді. Олар тәртіп сақшысы жіберуге келісті. Осы кезде топтағы бір адам менің полиция басшысы екенімді айтып, айғайлай бастады. Олар менен күдіктіні беруді талап етіп, мені қоршап алды. Олар күдіктіні өздері жазаламақшы еді", - дейді Құрманов.

Ол адамдарға күдікті заң бойынша жазалатынын айтқан.

"Бұл 30-40 минут аралығында болған оқиға. Осы сәтте біреу арт жағымнан келіп, мені басымнан және денемнен ұрды. Бас жарақытын алдым. Оң жақ құлағымнан, сол жақ иығымнан, сол жақ кеудемнен, белімнен қан ақты. Халық менің сөзіме құлақ аспайтынын білдім, жағымсыз сөздерді естідім. Осы күні мен ішімдік ішкен жоқпын. Мен жағдайды түсіндіре алдым деп ойлаймын", - деді полиция басшысы.

Желі пайдаланушылары полиция басшысының әрекетін қолдайтынын жазды.

"Жезқазған қаласы полиция департаментінің басшысы педофил баланы зорлаған кезде оқиға орнына барды. Ол топтан қорыққан жоқ. Олар боқтап, полиция басшысын итерді", - деді Facebook-тағы "Патриот Караганды" парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыздың жоғалғаны, тұрғындар күдіктіні өздері жазаламақшы болғаны әрі бірнеше көліктің өртенгені хабарланған болатын.

Сондай-ақ, ішкі істер министрі бұл факті бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети