23 қараша 2018 09:52

"Сәтті Жұлдыздан" 24 миллион теңге! Жеңімпазды бүкіл Қазақстан іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сәтті Жұлдыз" лотереясын ұйымдастырушылар 24 миллион теңге ұтып алған қарағандылықты осымен үшінші күн іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Сәтті Жұлдыз" лотереясын ұйымдастырушылар 24 миллион теңге ұтып алған қарағандылықты осымен үшінші күн іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Loto 6/49 ойынының арнайы тиражындағы мультимиллионер 21 қарашада анықталған болатын. Ұтыс сомасы - 24 564 426 теңге. Ұтыс "5 сан және бонус шары" санатында шықты. Миллионер сату нүктесінде қарасын әлі көрсетпеді. Жеңімпаздың Қарағанды қаласында Степной 4 шағынауданындағы "Алмаз" дүкенінде ұтыс тіккені белгілі болып отыр. Жеңімпаз әлі табылған жоқ.

Ұйымдастырушылар жеңімпаздан 8 800 080 520 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласуын сұрайды.

Сәтті билет сатқан сатушы да ұтыстан құр алақан емес. Ол "Сәтті Жұлдыздан" ұтыстың 1 пайызы көлемінде, яғни, 240 000 теңгені сүйінші ретінде алмақ.

Айта кетейік, Loto 6/49 ойыны 2018 жылдың 21 наурызында алғаш рет көрерменге жол тартты. Бұл лотерея әр сәрсенбі сайын өтеді. Қазіргі таңда "Сәтті Жұлдыз" лотереясы қазақстандықтарға 1 миллиардқа жуық ұтыс ақшасын төледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети