22 қаңтар 2021 17:15

Сау адам тәрбиелеу жолдары. Физиологтың 5 кеңесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биология ғылымдарының докторы, педагог, физиолог Марьяна Безруких I-BALAQAI жобасында балалардың қабілетін ерте жастан анықтайтын пайдасыз технологиялар және қашықтан оқудың миға қалай әсер ететінін түсіндірді. Tengrinews.kz сұхбаттың мәтіндік нұсқасын дайындады.


Биология ғылымдарының докторы, педагог, физиолог Марьяна Безруких I-BALAQAI жобасында балалардың қабілетін ерте жастан анықтайтын пайдасыз технологиялар және қашықтан оқудың миға қалай әсер ететінін түсіндірді. Tengrinews.kz сұхбаттың мәтіндік нұсқасын дайындады.

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.

"Бүгінде "данышпан бала", "ол данышпан" деген сөздерді жиі қолданып жатамыз, бірақ бір айтарым, адамзат тарихында барлығы 500-дей данышпан бар. Оның барлығы саналған. Әрине, баланың қандай да бір қасиеті туралы әңгіме болса, ол жайдан жай, бала өмір сүретін ортаға күш салмаса, оған қолдау білдірмесе ол данышпан болып шықпайды", - дейді эфир қонағы.  

Осылайша танымал маркетингтік "технолгиялардың" арқасында заманауи ата-аналар баланың бойындағы қасиетін ерте анықтауға тырысады.  

"Мысалы 3-4-5 жаста баланың қандай қабілеті барын білу үшін оны энцефалограммаға жазып қояды. Нейрофизиолог, осы іспен 50 жылдан бері айналысып келе жатқан адам ретінде айтарым, энцефалограмма оны көрсете алмайды. Жалпы баланың қабілетін, ерте жастан баланың қалауын егер ол расымен данышпан болса анықтауға болады. Егер ол Моцарт болса", - дейді Марьяна Безруких. 

Оның айтуынша, көптеген зерттеу бойынша, адамның қабілеті мен қасиеті 10-12 жасында байқала бастайды. Физиолог танымал математик, данышпан балалармен жұмыстың негізін қалаушы Андрей Колмогоров балаға ерте жастан математиканы емес, шығармашыл болуға - музыка, сурет өнері және басқа да өнердің түріне баулу керегін айтқан.  

"Ол бұл маңызды деп есептеген, себебі математика үшін креатив пен шығармашылық маңызды. Ал бүгінде біз егер ерте жастан балаға есептеуді үйретсек - ол танымал математик болады деп ойлаймыз. Бірақ бүгінде кең таралған менталды математика жоғары математикалық қабілеттерге кепілдік бермейді", - дейді маман. 

Жас бойынша психофизиология баланың миының дамуы туралы ғылым ретінде ХХ ғасырдың 70-жылдары пайда болған. Спикердің сөзінше, Америка, Еуропа елдерінде 20 жыл бұрын үш жасқа дейін мидың дамуы тоқтайды деген аңыз тараған. 

"Бүгінде ол біздің елдерге де келген болуы керек. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ми жабылмайды, керісінше, дамуын тоқтатпай, баланың даму және білім алуға деген әлеуеті арта түседі. Ол 25 жасқа дейін солай болады. 25 жаста негізгі процестер тоқтайды, бірақ ми стандартқа сай емес және қиын тапсырма алған сайын оның даму мүмкіндігі мде жоғары болады", - дейді маман. 

Сонымен қатар, Марьяна Безруких қашықтан оқуға қатысты ойын бөлісті.  

"Онлайн оқу бала миының дамуына кері әсер етеді деп есептеу қате. Оның дамуын оқумен байланысты стресс тежеуі мүмкін. Оқудың қалай ұйымдастырылғаны маңызды", - дейді спикер. 

Локдау, COVID-19-дың, қашықтан оқудың әсері туралы нақты ғылыми зерттеу жоқ. Алайда, Марьяна Безрукихтың сөзінше, миға кері әсер ететін факторлар бар. Ол - компьютерге деген тәуелдік және қауіпті ойындар. 

"Жас физиологиясы институтында компьютерде жұмыс істеу кезінде тест тапсырмаларын зерттеу жүргізіледі. Тіпті компьютердегі 10 минуттық тест тапсырмасы жүрек-тамыр жүйесінде үлкен өзгерістер тудырады. Шынымен реакция бар. Ол әр адамда әртүрлі, балалар басқаша әрекет етеді. Бірақ қарапайым өмірде, офлайн режимде оқыту кезінде оқу жүктемесі мүлдем зиян емес деуге болмайды. Егер бала үш сағат сабақ оқыса, жүрек-тамыр жүйесінде, жұмыс қабілеттілігінде және тағы басқа жағымсыз өзгерістер болады. Бұл жұмыс және одан бала шаршайды", - дейді ол.  

Мариана Безрукийдің адамды сау өсіру туралы 5 кеңес:

  • Стресті азайту;
  • Физикалық және психикалық зорлықты болдырмау;
  • Баланың әртүрлі іс-әрекеттерде тәжірибесі болуы үшін мүмкіндік жасау;
  • Баланың мүдделерін, ұмтылыстарын көтермелеу, оның тілектерін қолдау;
  • Балаға кез келген жағдайда көмектесіп, қолдау. 

Эфирдің видеожазбасын I-BALAQAI YouTube-арнасынан қарай аласыздар.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады.

Сондай-ақ, бұл материал подкаст ретінде де қол жетімді, SoundCloudAnchor.FM"Яндекс.Музыка" және "ВКонтактеден" тыңдауыңызға болады.

I-BALAQAI жобасы аясында Marwin family shop және "Меломан" дүкенімен бірлесіп сертификаттар ойнатылады. Ұтыс ойынына I-BALAQAI-дың Instagram-дағы парақшасына жазылып, қатыса аласыздар. 

Marwin family shop және "Меломан" сауда желісінің дүкендеріне сертификат ұсынғандары үшін алғыс білдіреміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети