24 ақпан 2017 18:41

Сәулетші Меңдіқұловтар әулеті Алматыдағы Неке сарайының жөндеу жұмыстарына наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Неке сарайы © Tengrinews.kz Алматыдағы Неке сарайы © Tengrinews.kz

Сәулетші Меңдіқұловтар әулеті Алматыдағы Неке сарайының жөндеу жұмыстарына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сәулетші Меңдіқұловтар әулеті Алматыдағы Неке сарайының жөндеу жұмыстарына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәулетшінің қызы Гүлнар Меңдіқұлованың айтуынша, құрылысшылар отбасымен келіспей, ғимаратты жөндеу жұмыстарын бастаған.

Алматыдағы неке сарайын бір апта бұрын жөндей бастаған. Айта кетейік, бұл нысанды салушылардың бірі сәулетші Малғабар Меңдіқұлов еді.

"Жұмыстар отбасының келісімінсіз істеліп жатыр. Меніңше, бұл авторлық мұрагерлікке қайщы деп санаймын. Отбасымыздан ешкім ешқандай құжатқа қол қойған жоқ. Бізбен келіскен жоқ. Менімен қаңтар айында кездесіп, жобаны көрсетті. Анамыз тірі, ол әкемнің барлық еңбегінің мұрагері болып саналады. Сондықтан олар келісіп барып, осы жұмысты бастауы керек еді", - деді сәулетшінің қызы.


© Tengrinews.kz

Ал Неке сарайын басқаратын "Алтын Дән Қазақстан" компаниясындағылар ғимараттың құжаттарын қарап шыққан соң ғана жөндеу жұмыстарының басталғанын айтты.

"Неке сарайы 1979 жылдан бері келе жатқан сәулет өнерінің ескерткіші болып саналады. Бұл дегеніміз ғимараттың өзі, оның ішкі көрінісі, сондай-ақ, сол ғимарат аумағы заңмен қорғалады деген сөз. Сондықтан нысанды жөндеу жұмыстары бойынша жоспар құрғанда ғимараттың мұрағаттағы ғылыми-техникалық құжаттары зерттелді", - деді компаниядағылар.

Компаниядағылар жөндеу жұмыстарын 2017 жылы сәуір айының соңында аяқтайтынын айтты. 

Сондай-ақ, нысанды жөндеу жұмыстарының оның бастапқы, яғни, 1971 жылғы архитектуралық түрі бойынша орындалатыны белгілі болды. 


© Компанияның баспасөз қызметіндегілер жолдаған сурет

"Өкінішке қарай, суретші Цивчинский мен Кенбаевтың суреттері 1990 жылдары жоғалып кетті. Ол суреттерді біз заманауи суретшілердің жұмыстарына ауыстырамыз. Абай көшесінен кіретін жер ашық түсті гранитпен төселеді. Бұл туралы ғимараттың 1971 жылғы жобасында айтылған болатын", - компания өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети