21 желтоқсан 2023 14:28

Саусақ ізін кімдер тапсыруы керек: Сенат заңды мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов, elements.envato.com Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов, elements.envato.com

Сенат депутаттары "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Сенат депутаттары "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Заңмен енгізілген маңызды жаңашылдықтың бірі – дактилоскопиялық тіркеу туралы ережелер. Мысалы, "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы заңның 2-тарауында Қазақстан азаматының паспортын немесе жеке куәлігін алу үшін алғаш рет жүгінген, сондай-ақ бұрын дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген Қазақстан азаматтары оны қалпына келтірген, ауыстырған жағдайда Қазақстан азаматтарын міндетті дактилоскопиялық тіркеу туралы нормалар белгіленген болатын. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заңның 39-бабымен 2-тараудың қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған", - деп жазылған заңның қорытындысында.

Енді қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттелмейді. Себебі, заңдағы мұндай норма алынып тасталған.

Заңда Қазақстан азаматтарына қатысты жоғарыда көрсетілген ережелер алынып тасталады және Қазақстан азаматтары үшін олардың келісімімен ғана ерікті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі. Қазақстан азаматы үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу теңізшінің жеке куәлігін алған жағдайда ғана сақталады.

"Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заңда белгіленген жағдайларда 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін алуға Қазақстан аумағындағы тіркеуші органдарға жеке өзінің жүгіну талабы енгізіледі. Бұрын олар мұны басқа адамдарға берілген сенімхат негізінде нақты орналасқан жері бойынша жасай алатын", - деп жазылған заңның қорытысында.

Дактилоскопиялық тіркеуге қатысты ережелер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Депутаттар заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети