Саяси мемлекеттік қызметкерлер Мемлекет басшысы алдында ант берді

17 Сәуір 2014, 14:49
0
Саяси мемлекеттік қызметкерлер Мемлекет басшысы алдында ант берді - Нұрсұлтан Назарбаев. Фото ©Даниал Окасов
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото ©Даниал Окасов

17 сәуірде қазақстандық саяси мемлекеттік қызметкерлер ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан халқы мен Президентіне Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Б.Бекназаров, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаңбыршин, Президент Күзеті қызметінің бастығы Ә.Садықұлов, бірқатар Үкімет мүшелері және облыс әкімдері салтанатты түрде ант берді.

Мемлекет басшысы берілген анттың әр сөзі зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. "Қазақстан – 2050" Стратегиясы және әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі мақсатымыз аясында мемлекет алдына биік міндеттер қойып отыр. Сондықтан сіздердің әрқайсыңыз өз салаларыңыз бойынша жүктелген міндеттерді ең жоғары деңгейде орындауға тиіссіздер. Сіздердің парыздарыңыз ел экономикасын жақсарту, әрбір өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау болмақ. Егер әркім өз жұмысын ойдағыдай атқаратын болса, біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай