31 мамыр 2017 11:44

Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні: Ұрпақтары Жансүгіров, Сейфуллин және Құлымбетов жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 31 мамырда жыл сайын сталиндік режимнің кезіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алады. Сол жылдары 25 мыңнан аса қазақстандық атылған болатын, ал олардың ұрпақтары "халық жауы" атанып, түрлі лагерьлерге жіберілген еді. Олар әрбір қазақстандыққа халықтың тәуелсіз республикада өмір сүруі тиіс екенін түсіндірді.


Қазақстанда 31 мамырда жыл сайын сталиндік режимнің кезіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алады. Сол жылдары 25 мыңнан аса қазақстандық атылған болатын, ал олардың ұрпақтары "халық жауы" атанып, түрлі лагерьлерге жіберілген еді. Олар әрбір қазақстандыққа халықтың тәуелсіз республикада өмір сүруі тиіс екенін түсіндірді.

Адамдарға өте қажет әрі батыл идеялары үшін барлық дерлік зиялы қауым өкілдері аяусыз әрі қаталдықпен атылып кетті. Олардың қатарында мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетов, сондай-ақ, саяси белсенді болған ақындар Сәкен Сейфуллин мен Ілияс Жансүгіров бар. Бүгін осы тұлғалардың тікелей ұрпақтары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, олардың қандай адам болғаны және қандай мінезбен ерекшеленгенін айтып берді.

Біздің елімізде Ұзақбай Құлымбетовтің есімі көптеген тарихи оқиғамен байланысты, әсіресе, алматылықтар үшін. Себебі ол кезінде елорданы Қызылордадан Алматыға ауыстыру туралы идеяға бастамашы болды. Ұзақбай Құлымбетов 1927 жылы КСРО елордасын ауыстыру туралы мемлекеттік комиссияны басқарып, Мәскеуге құжаттар жолдаған болатын. Ол құжаттарда Алматы қаласының жаңа экономикалық орталық бола алатыны және сондықтан елорданы ауыстыру керектігіне қатысты негіздер көрсетілді. Сол мақсатта Алматыда үйлер, ауруханалар, үкімет үйі, жолдар, жаяужолдар мен басқа көптеген нысан салынды.


Ұзақбай Құлымбетов

Айта кетейік, Құлымбетов Орталық сайлау комиссиясында төрағалық еткенде республикамыз жаңа Қазақ кеңес социалистік республикасы статусына ие болды. Сонымен қатар, Ұзақбай Құлымбаетов Қазақ КСР жаңа Конституциясын бекітіп, Қазақ КСР мемлекеттік елтаңбасының жобасын мақұлдады.

Ұзақбай Құлымбетовтің қызы Орынша Қарабалина-Қазыбаеваның айтуынша, ол қарапайым отбасынан шыққан. Құлымбетовтің әкесі түйемен жүк тасыған, ал анасы тігінші болған. Бірақ бұған қарамастан Ұзақбай жоғары білім алған. Ол бай адамдардың балаларына арналған орыс-қазақ ер балалар училищесін аяқтаған. Ұзақбайдың онда түсуіне себеп - сол кездегі бай қазақтардың бірінің ұлы ол училищеге Ұзақбайсыз түскісі келмегені. Училищені үздік аяқтаған соң Ұзақбай педагогикалық курстардан өтеді. Бірнеше жыл бойы ауылдағы мектептерде мұғалім болып жұмыс істеп, кейінірек мемлекеттік қызметке кіріседі.

"Ол өзінің достары мен әріптестеріне өте жақын болды. Мирзоян кезінде қазақ зиялы қауымдарының ішінде ең адал, дарынды және ең ақылды Ұзақбай Құлымбетов екенін айтқан еді. Оның тағы бір замандасы ғалым Ахметов Құлымбетов жайлы былай деген болатын: "Құлымбетов бойы ұзын, қара торы, қысқа шашты және кішкене мұртымен жүруші еді. Оның жүрісі де ерекше еді, көп сөйлемейтін, бірақ сөйлесе нақты әрі қысқа сөйлейтін. Екі тілді жетік меңгерді, өте алғыр еді. Бюро отырыстарында шындықты айтуға қорықпайтын, проблемалар туралы батыл түрде айтып баяндайтын.

Оған адамдар әрқашан да еркін кіре алатын. Күндердің бірінде жазғы каникул қарсаңында Алматыда бірнеше студент үйіне билет ала алмай қалған еді. Туған мекендеріне тезірек оралуға үміті сөнген жастар Құлымбетовке келіп, көмек сұрайды. Ол студенттерді тыңдап болған соң портфелінен қағаз алып, вокзал басшысына студенттерді бүгіннен қалдырмай пойызға отырғызып жіберуге тапсырма берді. Ал Қарақалпақстанға жасаған сапарларының бірінде ол қараусыз қалған 17 баланы өзімен бірге алып кетті. Ұзақбай алғашқы айларда балаларды өз үйінде тұрғызса, кейін оларды интернатқа орналастырып берді. Осындай мысалдар көп", - дейді Орынша Қарабалина-Қазыбаева. 

Қарабалина-Қазыбаева Ұзақбай Құлымбетов қамауға алынбай тұрған кезде Ялтада демалыста болғанын айтып берді. Демалыс орнында оған Мәскеуден телефон соғылып, Сталинге шақырылғаны хабарланған. Алайда Сталин оны сол күйі қабылдамай, Құлымбетов Алматыға аттанған. Бұл қалада ол 10-15 күндей үйінде болып, жұмысқа шықпаған. Күндердің бірінде оған Қазақ КСР ішкі істер халық коммиссары Лев Залин НКВД қызметкерлерімен бірге келген. 

"Олар аулаға кіріп, үйге кірместен, сол жақта тұрған. Қанша дегенімен араласқан, дос болған адамдар ғой, бір-біріне қонаққа барып тұрған. Сосын әкем шығып, "Кіріңіздер, сіздер кінәлі емессіздер. Ұстау туралы құжатты беріңіздер, оқиын" деп айтты. Бұдан кейін ол үйге кіріп, тапаншасын Залинге тапсырды. Ұзақбай үйден киімін ауыстырмастан кеткен. Кетерінде жарынан балаларға қарауын сұрап, "Сталин біздің үнімізді әлі де естиді" деп айтқан", - дейді Орынша Қарабалина-Қазыбаева. Ұзақбай Құлымбетов 1938 жылдың 22 наурызында атылған.

Ілияс Жансүгіров - репрессияның құрбаны болған адам. Саясатпен байланысы аз адам болса да, өмір бойында қазақ халқының хал-күйі мен мұң-зарын шығармашылығында айта білді. Ақын әрі қазақ әдебиетінің классигі кейінгі ұрпаққа ата-бабаларымыз көрген заманды жеткізген. 


Ілияс Жансүгіров. © voxpopuli.kz

Ақынның тұңғышы - 88 жастағы Саят Жансүгіровтің айтуынша, әкесі білімге және жаңалыққа құштар болған адам. "1920 жылы ол Ташкентке барып, білімін жетілдіргісі келді. Мұғалім курстарын үздік аяқтап, бір жылдан соң Алматы облысындағы туған уезіне оралып, мектепте сабақ берді. Осы кезде ол Аманша Берентаевамен танысты. Олардың арасындағы ыстық махаббатқа замандастары куә. 1922 жылы олар үйленіп, екі жылдан кейін Ілияс Мәскеудегі Журналистика факультетіне түседі. Ол өзімен бірге ауыр дерт тұмшалаған жарын ала кеткісі келді. Алайда әкете алмады, ол жалғыз кетіп, 1925 жылы каникулдарда оралғанда сүйіктісінің қазасын естиді. Сол кезде адамдар әкемнің қасіретін "Біз осыншама зарлы адамның күйін көрмедік" деп сипаттапты", - дейді Ілияс Жансүгіровтің ұлы.

Кейін Ілияс Қазақстан астанасы болған Қызыл-Ордаға көшіп барады. Сол жақта ол Фатима Төребаевамен танысып, үйленеді. 1930 жылы Саят деген ұлы дүниеге келеді, ал бір жыл өткенде Сайра есімді қызы дүние есігін ашады. "Әкемнің бір ерекшелігі - балаларына есімді өзі қояды. Маған дейін мұндай есім болмаған. Амал не, Сайра аурудан көз жұмады. 1932 жылы әке-шешем ажырасып кетті. Бір жылдан кейін әкем Фатима Ғабитоваға үйленеді. 1933 жылы олардың Үміт деген қызы, 1935 жылы Ильфа деген қызы дүниеге келеді. Ильфа - Ілияс пен Фатиманың бірінші әріптерінен құралған есімді. Ілияс Жансүгіров қамауға алынар алдында 1937 жылы Болат деген ұл бала дүниеге келген. Сол кезде әкем "Менің балам ақын болғанша, қарапайым етікші болсын" деп айтқан", - деп еске алады Саят Жансүгіров. 

Сәкен Сейфуллиннің інісі Мәжиттің қызы Рымжан Сейфуллина да естеліктерін бөлісті. Айтуынша, өзі ағасының үйінде алты жасқа дейін тұрған. "Таңереңте шай үшуге дастарханға жиналғанбыз. Кенет үйге форма киген адамдар кіріп келіп, құжат көрсетті де Сәкенге жинал деген бұйрық берді. Ол жылы киімдерін кие бастады - бұл 1937 жылдың 24 қыркүйегі еді. Қызметкерлер неге бұлай киініп жатқанын сұрағанда Сәкен "Мен түрменің не екенін білемін" деп жауап берді. Сол кездің өзінде Сәкен Сейфуллин түрмеге түсетінін білген. Ол кең пейілді адам еді, бәріне көмектесетін. Ешкімнің қолын қақпаған. Оған үлкеннен кішіге дейін бәрі де келіп, көмек сұрайтын - ол ешқашан бас тартпаған адам еді", - деді ол. 

Сәкен Сейфуллин 1938 жылы атылған. Ал 1958 жылы ол ақталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети