04 желтоқсан 2020 18:57

Сайлауға "Ақ жол" мен Adal партияларының кандидаттары тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттары сайлауына "Ақ жол" және Adal партияларының тізімдерін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттары сайлауына "Ақ жол" және Adal партияларының тізімдерін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ADAL саяси партиясы мен Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының партиялық тізімдеріне енгізілген барлық адам Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң талаптарын сай келеді.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының мүшелері екі қаулы қабылдады: "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында "ADAL саяси партиясы" қоғамдық бірлестігінің тізімін тіркеу туралы" және "Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында "Ақ жол" Қазақстан Демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің тізімін тіркеу туралы", - делінген ОСК хабарламасында.

Adal партия тізімінде 16 адам бар. Оның ішінде 5 адам әйел мен жиырма тоғыз жасқа дейінгі адамдар, бұл - тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,2 пайызы.

"Ақ жол" партиясының тізімінде 38 адам бар. Олардың 14-і - әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа дейінгі адамдар, бұл - тізімге енгізілгендердің жалпы санының 36,8 пайызы.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети