Щучинскідегі кафеде болған жарылыс: қылмыстық істі тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

дәмханадағы жарылыс Бейнеден алынған кадрлар

Ақмола облысының арнайы прокурорлары Щучинскідегі "Центр плова Loft" кафесінде болған өрт дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Өрт салдарынан 12 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысының арнайы прокурорлары Щучинскідегі "Центр плова Loft" кафесінде болған өрт дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Өрт салдарынан 12 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық жауапкершілікке кафені жалға алушы, автогаз құю бекетінің директоры және газ жеткізуші тұлға тартылып жатыр. Олардың іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі ("Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу") және 306-бабы 3-бөлігі ("Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету") бойынша сараланды.

"Арнайы прокурорлар қауіпсіздік талаптарының бұзылуы мен туындаған ауыр зардаптардың арасында тікелей себеп-салдарлық байланысты анықтады", - делінген таратылған хабарламада.

Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Кафедегі жарылыс

Щучинскідегі "Центр плова" кафесіндегі қайғылы оқиға 2026 жылдың 26 ақпанда кешкі уақытта болды. Төтенше жағдайдан кейін бірден жеті адам қаза тапқаны хабарланды: бесеуі оқиға орнында мерт болса, тағы екеуі жансақтау бөлімінде көз жұмды.

27 ақпанда Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов БАҚ өкілдеріне оқиға салдарынан 28 адам зардап шеккенін, жеті адам қаза тапқаны, олардың арасында кәмелетке толмаған бір бала болғанын айтты.

Кейін қаза тапқандар саны артты: 3 наурызға қарай олардың саны тоғыз адамға, ал 11 наурызда он бірге жетті. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, науқастарды аман алып қалу мүмкін болмады, олардың жағдайы өте ауыр болған.

18 сәуірде Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында емделіп жатқан тағы бір зардап шегуші көз жұмғанын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.23   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +31
Ақтау +26
Ақтөбе +29
Атырау +33
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +29
П
Павлодар +28
Петропавл +31
С
Семей +32
Т
Талдықорған +27
Тараз +34
Түркістан +26
О
Орал +28
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер