23 қазан 2021 15:06

Семей тазалығына жауапты мекеме жұмысшылары бас көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Семейде қала тазалығына жауапты мекеме жұмысшылары бас көтерді. Олар басшылықтан жалақы көтеруді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 


Семейде қала тазалығына жауапты мекеме жұмысшылары бас көтерді. Олар басшылықтан жалақы көтеруді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Азық-түліктің қымбаттап кеткенін алға тартқан коммуналдық қызметкерлер: "Айлығымыз ішіп-жемге де жетпейді" дейді. Өйткені аула сыпырып қоқыс тазалайтындар ай сайын небәрі 70 мың теңге алады. Талабы орындалмаса, жұмысқа шығудан жаппай бас тартпақ.  

"Басшылықпен келісе алмай жүрміз. Олар жалақымызды көтереміз деп уәде береді де, істемей отыр. Айлығымызды неге көтере алмайды?", - дейді олардың бірі. 

Наразы 50-ден аса қызметкер басшылақтан маңдай тер ақысын екі есеге көтеруді талап етті. Шаһар тазалығына жауапты жұмысшылардың айтуынша, жалақы бірнеше жылдан бері көбеймеген.

"Қызметкерлердің көбі пәтер жалдап тұрып жатыр. Азық-түлік қымбат. Оның үстіне басымызда төлейтін несиеміз бар. Ал жалақымызды көтеретін ешкімде ой жоқ. 70 мың теңгені қайда жеткіземіз?", - дейді жұмысшы Иван Васильев.

"Күннің ыстығы мен ызғарына да қарамай тынымсыз еңбек етеміз" дегендер талаптары орындалмаса, жаппай жұмысқа шығудан бас тартпақ. Ал тазалық мекемесінің басшысы жалақы дауының туындауына көрсетілетін қызмет құнының төмен болуынан дейді. Яғни, коммуналдық тариф 2015 жылдан бері өзгермеген. Соның салдарынан қызметкерлердің еңбекақысы да ұлғаймапты. 

"Елімізде ең арзан тариф - бізде. Бар болғаны адам басына 190 теңге. Қазір, расында, барлығы қымбаттап жатыр. Жанармайдың құны көтерілді. Енді мен не істеймін? Автокөліктерге жанармай құямын ба? Әлде жалақыны көтеремін бе? Ал жұмысшыларды түсінемін, жұмысы ауыр. Тығырықтан шығу үшін тариф құнын өсіру керек", - деді "Семей тазалық" ЖШС директоры Бекжан Қапышев.

Жұмысшылардың мардымсыз жалақысы мен тарифтың талай жылдан бері өспегенін атқамінерлер де растады. Сондықтан олар тығырықтан шығатын жолды "алдағы уақытта табамыз" деп сендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети