16 қазан 2023 09:30

Семейде жеңіл көлік жарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

көрнекі сурет көрнекі сурет

Семейде көлік жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі abainewskz telegram-арнасына сілтеме жасап.


Семейде көлік жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі abainewskz telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 14 қазанда сағат 20:45 шамасында Қабанбай батыр көшесінде, №1 автобустар паркі маңында болған. Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер мен құтқарушылар Opel Vectra автокөлігін тапты, оның салоны мен ішкі панелі жанып жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, өртсөндірушілер келгенге дейін жанып жатқан көлікте шағын жарылыс болған. Сағат 20:58-де өрт оқшауланып, сағат 21:00-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік жанып кеткен.

Өрттің себебі "қауіпті қондырғыны абайсызда ұстау", яғни қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдары мен агрегаттарының қысқа тұйықталуы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети