1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Семейде моншаға барған полицейлер қызметінен босатылды 16 ақпан 2021, 16:55

Шығыс Қазақстан облысының полиция өкілдері қызметтік тергеу жүргізді. Бұған дейін әлеуметтік желіде моншада демалып жүрген Семей полицейлерінің
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Шығыс Қазақстан облысының полиция өкілдері қызметтік тергеу жүргізді. Бұған дейін әлеуметтік желіде моншада демалып жүрген Семей полицейлерінің суреті тараған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Ведомство мәліметінше, биыл 29 қаңтарында учаскелік инспекторлар Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Рашит Сұңғатовпен бірге Семейдегі монша кешенінде болған.

"Тексеру нәтижелеріне сәйкес, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Р.С.Сұңғатов қызметінен босатылды. Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, өз міндеттерін адал атқармағаны және жеке құрамның бақылаусыздығы үшін Семей полиция басқармасы мен Семей полициясының орталық бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Моншада болған полицейлерге қатысты уәкілетті органға (ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажет материалдар жолданды.

"Департамент басшылығымен ШҚО ПД жеке құрамы арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша қажет шаралар қабылданып жатыр, бүгінде бұл басым бағыттардың бірі болып саналады. Бірде-бір қызметтік-әскери тәртіпті бұзу назардан тыс қалмайды. Қызметтік-әскери тәртіпті бұзудың әрбір дерегі бойынша мұқият тексерулер жүргізіледі, кінәлі тұлғалар мен олардың басшыларына тәртіптік сипаттағы ең қатаң шаралар қабылданады", - деді ведомство өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде моншада демалып жүрген Семей полицейлерінің суреті пайда болған еді. ШҚО полиция департаменті қызметтік тексеру бастағаны хабарланды. 

Семейдегі монша кешендерінің бірінде түсірілген суреттерді алдымен қоғам белсендісі Руслан Лазута жариялады. Кейін кадрлар Facebook, Instagram және WhatsApp-та тарала бастады. Жарияланым авторының айтуынша, суретте қаланың жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары бар. Олар Семей ЖПҚ басшысы лауазымына тағайындауды атап өткені жазылды. Сондай-ақ, отырыс осы қаңтарда өткен. 

"Әлеуметтік желілерде тараған суреттерде шынымен Семей полиция басқармасының қызметкерлері бар. Аталған факт бойынша ШҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру бастады", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging