23 шілде 2022 17:46

Семейдегі әскери бөлімде көз жұмған сарбаздың отбасы ол суицид жасағанына сенбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейдегі әуе қорғанысы әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген Бақытжан Әріпжанов қаза болды. Марқұмның туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сене алар емес, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.


Семейдегі әуе қорғанысы әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген Бақытжан Әріпжанов қаза болды. Марқұмның туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сене алар емес, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі оқтан көз жұмған әскеридің алдын ала дерек бойынша өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлаған. Бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалған. Десе де марқұмның отбасы мен туыстары 5 бала тәрбиелеп отырған Бақытжанның суицид жасағанына сене алар емес.

"Ол 10 жылдан аса уақыт әскери салада қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде қатардағы офицерден капитан дәрежесіне дейін көтерілді. Бақытжан Шымкенттегі қызметке ауысқысы келген, бірақ үлгермеген. Соңғы жұмысында қандай да бір қиындықтар болған көрінеді", - дейді марқұмның әкесі Құлыбек Әріпжанов.

Қайғылы оқиға болардан бір сағат бұрын Бақытжан Әріпжанов апайына бейнебайланыс арқылы қоңырау шалған. Үш жасар қызына қайырлы таң тілеп, кейін хабарласамын деп телефон тұтқасын қойды. Содан кейін әйеліне "Қош бол" атты өлең жіберген. Туыстары бұның барлығы әдейі істелген деп есептейді. Олар тәуелсіз сот-медициналық сараптама жүргізілуін және барлық мән-жайдың жан-жақты тексерілуін талап етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети