27 қаңтар 2023 10:24

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы хабарды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі растады.

"Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала "анафилаксиялық шок" деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Гүлмира Кәрімова 1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Бастауыш сынып мұғалімі" мамандығы бойынша, 2008 жылы Көкшетау университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген. Ол 2016 жылы "Педагогикалық білім беру" бағыты бойынша Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің магистратурасын бітірді.

Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қалалық классикалық гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

2006 жылдан бастап директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2010 жылдан бастап №17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешенінің директоры болып жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап Петропавл қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болған.

2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасының басшысы болып тағайындалған.

2021 жылдың қыркүйегінен - Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети