27 қаңтар 2022 09:45

Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынады. Бұл норма палатаның жалпы отырысында сенаторлар қараған "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заңда жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынады. Бұл норма палатаның жалпы отырысында сенаторлар қараған "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заңда жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында депутаттар "Тұңғыш Президент – Елбасы туралы" конституциялық заңға түзетулерді мақұлдады, сондай-ақ "Қауіпсіздік Кеңесі туралы" және "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңдарға бұрын ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Түзетулерде Елбасының Қауіпсіздік Кеңесінде және Қазақстан Халқы Ассамблеясында өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жою көзделген.

Сенаторлар өз ұсынысын қосып, заң жобасын Мәжіліске қайта қарауға қайтарды.

"Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан Халқы Ассамблеясын мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруы тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. Ол – "Тұңғыш Президент туралы" заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алып тасталып отыр. Сондықтан да Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспенен Мәжіліске қайтарып отыр",- деді сенатор Ләззат Сүлеймен.

Енді бұл түзетуді Мәжіліс депутаттары қарап, қабылданған жағдайда заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети