23 қыркүйек 2021 13:06

Сенат мүгедектігі бар балаларға жаңа жәрдемақы бекітті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Сенат екінші оқылымда жәрдемақының жаңа түрлерін енгізуге және мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат екінші оқылымда жәрдемақының жаңа түрлерін енгізуге және мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талқыланған түзетулерге сәйкес, 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мүгедектігі бойынша топтарға бөлінеді. Олар алатын жәрдемақы өседі. Қазір барлық мүмкіндігі шектеулі балалар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде бірдей жәрдемақы алады - 48 023 теңге. Енді І және ІІ топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар тиісінше 64 860 теңге және 54 541 теңге алады.

Бұдан бөлек, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік пакет ұсыну және әлеуметтік қызметтер порталы арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге кепілдік беріледі.

Сенат отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкеновтің айтуынша, құжатта мүгедектік себебіне қарамастан, I топтағы адамдарға күтім жасайтын азаматтарға жәрдемақы енгізу қарастырылған.

"Қазіргі уақытта I топтағы 66 мың мүгедек адамның әр үшіншісі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекші қызметімен де қамтамасыз етілмеген. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде қамқорлыққа мұқтаж қосымша 24 мың адам күтім жәрдемақысымен қамтылады", - деді министр.

Сондай-ақ, заң жобасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Министрдің айтуынша, бұл асыраушысынан айырылған және мүгедек бала бар отбасылар табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

"Қазіргі уақытта мүгедектігі бар балалар ата-анасы ажырасқан кезде бір мезгілде алименттер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Алайда бір немесе екі асыраушы қайтыс болған кезде бала мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады. Осы норманы енгізу кезінде екі мың бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен тең жағдайда (мөлшері - 41 163-тен 48 023 теңгеге дейін) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы ала алады (мөлшері – 12 063-тен 29 500 теңгеге дейін)", - деп түсіндірді Серік Шапкенов.

Бұдан бөлек, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді.

"Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алу мүмкін болмаса, онда мүгедек бала кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан аса отбасына баспана кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжанған", - деді Серік Шапкенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети