Senat Open турнирінің жартылай финалдық кезеңі аяқталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қаладағы Көрме орталығында "Senat Open" шахмат турнирінің жартылай финал кезеңі өтті. Аумақтық чемпионаттың жартылай финалында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының шахматшылары бақ сынады. Турнирде қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үздік ойындар көрсетті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаладағы Көрме орталығында "Senat Open" шахмат турнирінің жартылай финал кезеңі өтті. Аумақтық чемпионаттың жартылай финалында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының шахматшылары бақ сынады. Турнирде қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үздік ойындар көрсетті.

Жартылай финал бәсекесінің салтанатты жабылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов қатысып, үздік шыққандарды марапаттады. Қала мәслихатының төрағасы шахматқа мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.

"Елімізде интеллектуалды ойындарды дамытуға көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында адал ұрпақ тәрбиелеу керек екендігін, ол адал ұрпақтың деңгейі биік, парасат-пайымы жоғары болуы керектігіне назар аударып отыр. Шахматты дамытуда кешенді іс-шаралар қолға алынуда. Мұнда қатысушылардың көбі аға буын өкілдері. Жастар аға буыннан үлгі алу керек. Енді турнир дәстүрлі түрде өтеді деген сенім бар. Жартылай финалда жеңіске жеткендер Елордада өтетін финалдық кезеңге қатысады", – деді қала мәслихатының төрағасы.

Айта кетсек, ҚР Парламенті Сенатының шахматтан ашық кубогы FIDE ережесіне сәйкес өтуде. Аумақтық чемпионатта іріктелген 25 шахматшы финалдық кезеңге жолдама алды.

Бүгінгі турнирге қатысушылар арасында 80 жастан асқан қариялар да бар. Финалға шыққандардың арасында да ардагерлер өте көп. Қала мәслихатының төрағасы осындай жарыстар жергілікті жерлерде шахмат ойынын насихаттауға өз септігін тигізетінін атап өтті.

Суреттер: Шымкент ІСБ баспасөз қызметі

Tengrinews
Шымкент ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer