24 ақпан 2022 16:39

Сенат "Самұрық-Энерго" мен KEGOC компанияларын Энергетика министрлігіне беруді ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж Tengrinews.kz Фотоколлаж Tengrinews.kz

Сенат депутаттары "Самұрық-Энерго" АҚ пен "KEGOC" АҚ-ты Энергетика министрлігі құзырына беруді ұсынды. Депутаттардың айтуынша, мұндай шаралар электр энергетикасын реформалаудың алғашқы қадамы болмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаттары "Самұрық-Энерго" АҚ пен "KEGOC" АҚ-ты Энергетика министрлігі құзырына беруді ұсынды. Депутаттардың айтуынша, мұндай шаралар электр энергетикасын реформалаудың алғашқы қадамы болмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Энергетика министрлігіне электр энергетикасын сапалы реформалауды жеделдету шараларын қабылдау қажет деп есептейміз. Ол үшін мынаны ұсынып отырмыз. Біріншіден, Энергетика министрлігінің рөлін күшейте отырып, саланы басқару жүйесінде құрылымдық өзгерістерді жүргізу. "Самұрық-Энерго" АҚ пен "KEGOC" АҚ біртұтас салалық реттеуші ретінде Энергетика министрлігі құзырына берілсін", - деді сенатор Сүйіндік Алдашев Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында.

Бұл ретте сенатор "KEGOC" АҚ-ның функцияларын қайта қарап, оны энергия беруші ұйым ретінде анықтап, оған тән емес функцияларды алып тастауды ұсынды. Алдашевтің айтуынша, бұл Мемлекет басшысының "Самұрық-Қазына" қорын қайта құру бойынша қойған міндетіне сәйкес келеді.

"Ұлттық энергия жүйесінің, барлық деңгейдегі электр станциялары мен желілер жұмыс режимдерін диспетчерлік-технологиялық реттеу бойынша стратегиялық маңызды функцияларды орындайтын ұлттық диспетчерлік орталық Энергетика министрлігінің басқаруымен жұмыс істеуі тиіс. Екіншіден, бақылауды жетілдіру, уәкілетті органға қайтару, оның ішінде инвестициялық келісімдер мен тарифтердегі қарсы міндеттемелерді бақылау", - деп қосты Сүйіндік Алдашев.

21 қаңтарда Президент "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалау міндетін қойды. Ол қорға бір ай мерзім берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети