Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Сенат сайлауын бақылауға шетелден 276 адам келеді

26 Қыркүйек 2014, 16:40
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына шетелден, халықаралық ұйымдардан 276 байқаушы мен БАҚ өкілі келеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз отырысында комиссия мүшесі Татьяна Охлопкова мәлімдеді.

"25 қыркүйекте 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеу аяқталды. ОСК ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 166 байқаушысын тіркеуден өткізді", - деді  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова.

1 қазанда өтетін Сенат сайлауы кезінде ТМД байқаушылар миссиясының құрамында үш халықаралық ұйымнан және ТМД-ға қатысушы сегіз мемлекеттен 114 байқаушы, оның ішінде, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан құрамына ТМД-ға қатысушы алты мемлекеттен 27 байқаушы енген топ және Беларусь Республикасы мен Ресей Одағының Парламенттік жиналысынан 4 байқаушыдан тұратын топ қатыспақ. Одан бөлек, ОСК-ға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше 6 мемлекеттің 9 байқаушысының өтініші қанағаттандырылды. 

"2014 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 110 өкілін тіркелді. Алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын байқауды шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан 276 байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілі жүзеге асыра алады", - дейді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова.

Байқаушылар саны 2008 және 2011 жылдармен салыстырғанда едәуір көп. Тіркеуден өткен байқаушыларға белгіленген үлгідегі куәліктер түгел тапсырылды.   


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай