11 мамыр 2023 | 12:56

Сенат спикері шетелге заңсыз шығарылған қаражаттың қайтарылуы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев шетелге заңсыз шығарылған қаражаттың қайтарылуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат спикері Мәулен Әшімбаев шетелге заңсыз шығарылған қаражаттың қайтарылуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Референдумнан кейін қазақстандықтар шетелге заңсыз шыққан қаражаттар қайтарылады деп үміттенді. Құқық қорғау органдары қазақстандықтардың бар байлығы жатқан қалталарды неге тексермейді", - деп сұрады журналистер Сенат спикерінен.

"Ештеңе жасалмады, нәтиже жоқ деу дұрыс емес. Жемқор шенеуніктерден қайтқан қаражат түсетін тиісті шоттар бар. Бәрі шетінен қайтып жатыр. Ол қаражаттар мектеп салу үшін жұмсалады. Осы мәселе төңірегінде Қаржы министрлігіне тиісті сұрақтар қойып, мектептердің қалай салынып жатқанын көруге болады. Қазірдің өзінде бұл жұмыстың нақты нәтижелері бар. Арнайы заң қабылдағанда бұл жұмыс оңтайландырылады деп ойлаймын", - деп уәде берді Мәулен Әшімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети