11 қыркүйек 2014 12:42

Сенатор қымыз бен шұбат туралы заң қабылдауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов қымыз бен шұбат туралы заң қабылдауды ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жоғарғы палатаның жалпы отырысынан.


Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов қымыз бен шұбат туралы заң қабылдауды ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жоғарғы палатаның жалпы отырысынан.

"Біз ата-баба өсиетін құрметтеп, даңқты, сүйікті сусындарымыздың ұлттық брендін жасауымыз керек, қымыз бен шұбат туралы заң қабылдауымыз керек. Бұл заңда осы сусындарды жасаудың нақты үлгілері, сүтке қойылатын талаптар, оның физикалық-химиялық қасиеттері, иісі мен дәмі, сақтау шаралары жазылуы тиіс. Фермерлерді ынталандыру үшін мемлекеттік жеңілдіктер қарастыру керек", - деді Айтаханов ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовке арнаған депутаттық сауалында.

Ол "Қазақстан-2050" Стратегиясында жыл сайын артып келе жатқан ғаламдық сұраныс жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін ауқымды түрде модернизациялау міндеті қойылғанын еске салды. "Қымыз бен шұбат өндірісін мемлекеттік деңгейде дамыту экономиканы әртараптандыру мен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудың жарқын көрінісі болар еді. Қымыз бен шұбат туралы заң ата-баба ісін жалғастыруға, сусындардың өмірлік маңызды қасиеттерін сақтауға, оны келешек ұрпаққа мақтанышпен қалдыруға мүмкіндік береді", - деді депутат.

Айтахановтың айтуынша, елімізде түйе мен жылқы шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар. "Біздің ғалымдарымыз өз еңбектерінде қымыз бен шұбат өндірісі, ұлттық бренд жасау туралы жазды, бірақ әзірше қолдау таппай отыр. Кезінде елімізде өкпе ауруын қымызбен емдейтін 15 мекеме болды, бірақ мемлекеттік қолдаудың болмағанынан жабылып қалды", - деді ол.

Депутат Ресейде қымыз өндіретін 80 агроферма мен қымызбен емдейтін 48 шипажай барын айтты. "Ресей ғалымдары құрамында ісікті емдеуге қажетті ақуызы мен лактоферрині бар бие сүтінен дәрілік препарат өндірумен айналысып жатыр. Қымыз бен шұбаттың емдік қасиетіне Жапония мен Батыс Еуропа ерекше қызығушылық танытып отыр. Ал біздің Түркиядағы отандастарымыз Германияға жыл сайын мың тонна қымыз экспорттайды", - деді сенатор.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети