1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Сергей Нұртаев Қазақстанның Италиядағы елшісі қызметіне тағайындалды22 қыркүйек 2015, 12:07

Сергей Нұртаев. © mfa.gov.kz Сергей Нұртаев. © mfa.gov.kz

Назарбаевтың Жарлығымен Сергей Нұртаев Қазақстанның Италиядағы елшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Италия Республика-сындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның Ителиядағы елшісі болып Андриан Елемесов қызмет еткен. Биылғы тамызда ол бұл қызметінен босатылып, ҚР-ның Мексикадағы елшісі болып тағайындалды.

Сергей Нұртаев 2002 жылдан бастап дипломаттық қызметте. Қазақстанның Грекиядағы елшісі қызметінде ол алты қызмет етті.