26 сәуір 2021 14:58

Серік Әбденов ҚТЖ-дағы қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Әбденов. Фото: primeminister.kz Серік Әбденов. Фото: primeminister.kz

Серік Әбденов "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінен кетті. Ақпаратты ҚТЖ баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Серік Әбденов "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінен кетті. Ақпаратты ҚТЖ баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Серік Әбденов 2012-2013 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған кезде "Патамушта" деген сөзімен қазақстандықтардың есінде қалған болатын.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі қызметінде отырған ол Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін көтеру қажет деп, бұл сөзін дәлелдеудің орнына әңгімені төтесінен "Патамушта... Патамушта!" деп қайырды.

2013 жылы шілдеде Серік Әбденов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болды. Ал 2016 жылдың тамызында адам ресурстарын басқару жөніндегі вице-президент лауазымына барды.

Серік Әбденов Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып 2018 жылы желтоқсанда тағайындалған еді. 

Еске салайық, 2021 жылдың сәуірінде ҚТЖ басшысы ауысты. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқармасының шешімімен ұлттық компания басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаев болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети