14 қыркүйек 2020 13:15

Серік Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Серік Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген Қаулыда.

Жұманғарин осы қызметке тағайындалар алдында Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министрі) болып жұмыс істеген.

9 қыркүйекте Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Жаңа ведомство Мемлекет басшысына тікелей бағынады. Оған Ұлттық экономика министрлігінің бәсекені қорғау және тиісті тауар нарықтарындағы монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау және реттеу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріледі.

Жұманғарин 2019 жылдың ақпанында ұлттық экономика вице-министрі болып жүргенде Қазнетте қызу талқыланған болатын, оның журналистерге "жынымды келтірмеңізші" деген сөзі видеоға түсіп қалған еді.

"Мен кеше Парламентте тарифтер туралы айттым. Іс-шара шағын және орта бизнес туралы. Сіздер мұнда менен тарифтер туралы сұрауға келдіңіздер бе? Маған ресми түрде келіңіз. Мен сізге тарифтер туралы бәрін айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші", - деді Жұманғарин іс-шарадан кейін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети