21 тамыз 2014 17:10

"СейсмоҚұрылысҚорғау" кәсіпорны 87 млн теңгеге сатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі. ©Ярослав Радловский Алматы әкімдігі. ©Ярослав Радловский

Алматы әкімдігі "СейсмоҚұрылысҚорғау" ЖШС кәсіпорнын 87 млн теңгеге сатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Gosreestr.kz порталының мәліметтеріне сілтеме жасап.


Алматы әкімдігі "СейсмоҚұрылысҚорғау" ЖШС кәсіпорнын 87 млн теңгеге сатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Gosreestr.kz порталының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын құрылыстардың барысына техникалық қадағалау жүргізеді, салынып жатқан және тұрғызылып біткен нысандарды сараптамадан өткізеді, пәтерлер мен тұрғын үйлерді қайта жобалаудан соң пайдалануға беруге құжаттарды қабылдайды және береді. Сатып алушы кәсіпорындағы жұмыс орындарын сақтауға және ұлғайтуға, қызметкерлерді қайта даярлаудан өткізуге, бес жыл ішінде фирманың мақсатынан таймауға міндетті. Сонымен бірге, жаңа қожайын қосымша жабдықтар алып, құрылыс материалдарын сынақтан өткізу жөнінде көрсететін қызметтерінің аясын кеңейтуі қажет. Алматы әкімдігі сатып алушыға 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін несие бойынша қарызды өтеу міндетін қойып отыр. 2014 жылдың 5 тамызындағы қаржылық есепке қарағанда, кәсіпорынның қысқамерзімді саудаға қатысты және несие бойынша қарызы 35 млн теңге болған. 2013 жыл бойынша табысы 11 млн теңгеден асқан.

Бұған қоса, "Ақпараттық жүйелер орталығы" ЖШС 20 млн теңгеге саудаға шығарылды. Бұл кәсіпорын Алматы әкімдігі ақпараттық жүйелерін (оның ішінде, ведомствоның ресми сайты да бар) дамытумен айналысады. Сатып алушы алдағы он жыл ішінде кәсіпорынның қызметін өзгертей, жаңа жұмыс орындарын ашуы қажет, бұрынғы ұжымды алдағы үш жыл ішінде сақтауы тиіс. 20 тамыздағы қаржылық есеп мәліметтері бойынша кәсіпорынның 2013 жылғы табысы 42 млн теңге болған. Аталған екі кәсіпорын да алдағы 12 қыркүйекте өтетін коммерциялық тендерге шығарылып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі Архимед мектебінің 15,83%-ын 26,6 млн-ға және Almaty trade consulting-тің 30%-ын 45,3 млн теңгеге сатқан болатын. Сатылған үлестерді серіктестіктерге қатысушылар басым сауда құқығы бойынша иеленді. Сауда 23 шілдеде және 13 тамызда жасалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети