07 маусым 2016 09:33

Шабуылдағандардың 13-і өлтірілді, сегізі ұсталды және жетеуі іздеуде жүр - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі полиция. © Tengrinews.kz Ақтөбедегі полиция. © Tengrinews.kz

Ақтөбеде 13 қылмыскердің көзі жойылды. ҚР ІІМ өкілдері жаңа мәліметтерді келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тішісі.


Ақтөбеде 13 қылмыскердің көзі жойылды. ҚР ІІМ өкілдері жаңа мәліметтерді келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тішісі.

"Бүгінге дейін шабуылдағандардың ішінде 13 қылмыскер өлтірілді, төртеуі жарақат алған, жетеуі іздеуде", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев телефон арқылы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалған қылмыскерлерді табу бойынша барлық шара қабылданып жатыр. 

"Шамамен сегіз адам ұсталды, олардың шабуылға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Жеке құрам түгелдей күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Ақтөбеде түн тыныш болды. Қалада және республика бойынша жағдай бақылауда", - деді Сәдубаев.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети