13 желтоқсан 2017 11:08

"Шахтада не болса соның үстінде ұйықтаймыз" - Кеншілер еңбекақы мен жағдайдың шын мәнінде қандай екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет. © РИА Новости Иллюстрациялық сурет. © РИА Новости

Қарағанды облысында ереуілдеп жатқан кеншілер еңбекақыларының қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағанды облысында ереуілдеп жатқан кеншілер еңбекақыларының қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

 

"Шахтинск" кенішінде жұмыс істейтін Сергей есімді жұмысшы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жөндеу-іске қосу аумағынды еңбектенетіндердің айлығы 208 мың теңге, ал кен орындарындағылар - 326 мың теңге айлық алады деген мәлімдемесіне таңғалды. 

 

"300 мың табу үшін 20 жылдық өтілің және алтыншы дәрежелі комбайнер-механик болуың керек. Менің айлығым 300 мыңға жетпейді", - дейді ол. 

"Менің төртінші дәрежем бар. Лавада кен өндіремін. Осыған дейін өтуші болдым. Ол кезде айлығым 240 мың болатын, оның 24 мыңын табыс салығы ретінде және зейнетақы үшін ұстап қалады; 1 пайызын кәсіподақ алып қалады. Сонда қолға тиетіні 180 мың теңге. Қазір кеншімін, оқуын бітірдім. Соңғы рет 252 мың теңге алдым, Саранская шахтасында істедім, іссапарда бодым", - дейді ол. 

Тағы бір кенші атын атағысы келмеді, ол орташа айлықтың 200 мың теңгеден төмен екенін айтады. "Шілде айына дейін істедім, 200 мың бір рет те болған емес", - дейді кенші. 

 

Оның сөзінше, "Қазақстан" кен орнында 305-ке жуық кенші қалып отыр. 

Сонымен бірге, ол кеншілер қандай жағдайда ұйықтайтыны туралы айтып берді:

"Жер астында ештеңе жоқ. Қолдарынан келгенше икемделеді. Шахта ішінде не бар болса, соның үстінде жатады. Кеншіге әкелінетін тақтай, тарп пен қарапайым материалдар болады".

Еске салайық, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялап жатқан мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети