26 қаңтар 2021 15:15

Шахтинск қаласындағы кафелердің бірінде атыс болып, үш адам ауруханаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Шахтинскідегі кафеде үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шахтинскідегі кафеде үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шахтинск қаласындағы кафелердің бірінде келушілер төбелесіп, салдарынан келушілердің бірі оқ атты. Оқиға видеоға түсіп қалған. Куәгерлер оны әлеуметтік желіге таратып жіберген. 

Видеода бастапқыда бірнеше ер адам қатты ұрсып жатыр. Артынша кадр сыртында қарудың даусы естіліп, әйел адамдар айғайлап, балалар жылай бастаған. Видео авторы да зардап шеккен көрінеді. Бір кезде телефон жерге құлап түседі, алайда түсірілім жалғаса берген.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ? ШАХТИНСК - ЛЮБИМЫЙ ГОРОД (@shk_kz)

Артынша автор телефонын көтеріп, кафедегі жағдайды түсіруін жалғастырады. 

Видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Қарағанды облысының полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, оқиға 24 қаңтарда болған. 

"24 қаңтарда Шахтинск қаласындағы кафелердің бірінде келушілер сөзге келісіп қалды. Нәтижесінде 33-53 жас аралығындағы үш келуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні ұстады, ол травматикалық қарудан атыс ашқанын мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети