17 ақпан 2021 13:01

"Шебер жүргізуші, сұңғыла сұхбатшы" - Елбасы Нұртілеу Иманғалиұлы отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев белгілі тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елбасы Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

"Нұртілеу Иманғалиұлы саналы ғұмырын қазақ телевизиясының өркендеуіне арнады. Ол қатардағы тілшіден Ұлттық арнаның басқарма төрағасына дейінгі жолдан өткен нағыз майталман маман болатын. Оның қоғамдағы көкейкесті мәселелерді арқау етіп, әлеуметтік астарын аша білген айшықты авторлық бағдарламалары ұмытылмай, ел есінде қалады. Шебер жүргізуші, сұңғыла сұхбатшы ретінде эфирдегі ерекше бейнесімен, өзіндік болмыс-бітімімен қалың көрерменді ұйыта білген талантты да танымал тұлға тәуелсіз еліміздің тележурналистикасын дамытуға зор үлес қосты.

Көпшіліктің көзайымына айналып, ықыласына бөленген абзал азаматтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.

"Бай, қуатты болайық!" Нұртілеу Иманғалиұлын замандастары қалай бағалаған?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети