"Шегіртке болмағанда не болдық?" Саят Медеуов өнердегі әріптестерін сынап тастады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шегіртке болмағанда не болдық?" Саят Медеуов өнердегі әріптестерін сынап тастады Саят Медеуов. Фото: instagram.com/sayat_medeuov_888

Белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнер иесі кейбір әріптестерінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларына көңілі толмайтынын айтты.

"Бір кездері шегіртке деп кемсіткенде, өре түрегеліп айғай салдық. Ал, менің өнердегі кейбір әріптессымақтарымның істеп жүргеніне қарасам, енді шегіртке болмағанда не болдық деген ой келеді. Қатарымдағы жасы елуге таяп қалған кейбір бауырларымның қылығы қарынды аштырады. Ырбың-жырбың, түкке тұрғысыз әңгіме, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан былапыт сөз. Елуде ел ағасы болып бата беретін жасқа келдіңдер ғой. Бүгінгі құлқынның құлы үшін сайқымазақ болып жүргендеріңді ертең қартайғанда немере-шөбереңе қалай түсіндіресің? Қай бетіңмен оларға ақыл айтасың? Олар сайқызмазақ, аузының дуасы жоқ шалды тыңдай ма? "Атан түйе құтырса жұт болады"- дейді әнші.

Сондай-ақ, әнші министрлік тарапынан әлеуметтік желіге жарияланған әрбір жазба жіті қадағаланатындай заң қабылдануы керегін айтты.

"Бүгін танымал болудың ең оңай жолын таңдағанмен, ертеңгі күнімізді неге ойламаймыз? Құрметті президент мырза және депутаттар, ұрпақтың болашағын ойласақ, қазақы құндылықтары сақталған ұлт боламыз десек, бүгінгі бетімен кеткен әлеуметтік желіні ретке келтіру керек", - делінген жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети