27 мамыр 2022 12:44

"Ұялмайтын топтарға тыйым болатын заң қабылдап берсе" - Ақбота Керімбекова Саят Медеуовті қолдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

botakerim Instagram-парақшасынан botakerim Instagram-парақшасынан

Бұған дейін белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялаған еді. Өнердегі әріптестері әншінің бұл сынына қатысты түрлі пікір айтып жатыр. Қолдап жатқандардың қатарында Ақбота Керімбекова да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұған дейін белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялаған еді. Өнердегі әріптестері әншінің бұл сынына қатысты түрлі пікір айтып жатыр. Қолдап жатқандардың қатарында Ақбота Керімбекова да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 botakerim Instagram-парақшасынан алынған сурет

"Қадірлі ұлт жанашырлары! Белгілі өнер иесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов өте орынды мәселе көтеріп отыр! Біз, өнерін ластап көрмеген біздің талантты аға-апаларымыз оны толық қолдап отырмыз!

Расында, есер сөз, ессіз әзіл, есепсіз жындылық құндылықтарымызды күйретіп жатыр. Сөз жүйесіз, өнер иесіз кетті… Өскелең ұрпақ бұттан төмен әңгімелерді ән қылып айтып жүр… Әншейінде, қазақы әннің қалпын бұзбай келе жатқан әншілерді кекеткіш, мұқатқыш, сынағыш қоғам бұл кеселге бас ауыртар емес!.. Мұның бәріне тоқтам болатын тек заң!

Алдағы референдум Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда үлкен маңызға ие болып отыр. Сол науқан былапыт сөздерді өнерге, ғажайып қазақ әніне араластырудан жасқанбайтын, ұялмайтын топтарға тыйым болатын заңды қабылдап берсе, өнер адамдарының көкейін көптен күйретіп жүрген іс шешімін табатын еді!

Саналы көрермен, сарабдал тыңдарман бізге қосылады деп ойлаймын!", - деді әнші Ақбота Керімбекова Желіде.

Еске салайық, Саят Медеуов кейбір әріптестерінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларына көңілі толмайтынын айтқан еді.

Кейінірек Дастан Оразбеков "1001 ТҮН" бағдарламасында Саят Медеуовтің осы сынына қатысты пікір білдірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети