25 мамыр 2022 16:20

"Шегіртке дегені намысқа тиеді". Дастан Оразбеков Саят Медеуовтің сыны туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

dastanello Instagram-парақшасынан dastanello Instagram-парақшасынан

Жақында белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялаған еді. Дастан Оразбеков "1001 ТҮН" бағдарламасында Саят Медеуовтің осы сынына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жақында белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялаған еді. Дастан Оразбеков "1001 ТҮН" бағдарламасында Саят Медеуовтің осы сынына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші тез танылуды ойлайтын әріптестеріне қатысты ойын айтты.

"Әрине, ол заман ағымы. Ол үшін интернетті алып тастау керек. Интернетсіз ондай нәрсе болмайтын еді. Қазір интернет болған соң одан да басқа дүние кең таралып жатыр.

Шегіртке дегені намысқа тиеді. Бірақ, ол баяғыда мектеп кезіндегі "жан-жақта ән айтып, түбінде баспанасыз, ештеңесіз далада қатып өлді" деген шегіртке туралы оқығанымыздан үйлестіруі ғой. Менің ойымша, санасы жетілген адам оны дұрыс түсіне алады. Санасы төмен адам шегіртке деп ойлайды. Ал хайп болып шығып кеткен жұлдыздар бірден сөніп қалады. Бәрін уақыт көрсетеді. Әрі қарай дамуы екіталай нәрсе", - деді Дастан Оразбеков.

Еске салайық, бұған дейін Саят Медеуов кейбір әріптестерінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларына көңілі толмайтынын айтқан еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети