Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Шоу-бизнес

"Өнер арқылы адамдарды төмендетіп жатқан біз емес пе?!" Танымал актриса кино саласындағы әріптестерін сынады 30 мамыр 2022, 13:58

Актриса Дариға Бадықова Желідегі парақшасында кино саласындағы әріптестері мен режиссерлерді сынап, жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

dariga_badykova Instagram-парақшасынан dariga_badykova Instagram-парақшасынан

Актриса Дариға Бадықова Желідегі парақшасында кино саласындағы әріптестері мен режиссерлерді сынап, жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Талғамға талас жоқ дейді. Сонда сіздің талғамыңыз анайы іс-әрекет жасайтын, біреудің арнайы жасаған идеологиясымен танылып жүргендер ме?! Нақты айтсақ, талғам емес, "Өре". Ештеңеге талғамы жоқ адам болады. Өресі төмен, деңейі төмен, IQ төмен... Талғамы жоғары адамның көретін фильмі, тыңдайтын музыкасы өте жоғарғы деңгейде болады", - дейді актриса.

Ол өнердегі әріптестеріне үн қатты.

"Әріптестер?! Біз осы қоғамға кері әсер беріп жатқан жоқпыз ба? Еркіндік дегенді басқаша түсініп алған жоқпыз ба? Өзіміз онсыз да еліктегіш, желөкпе халықпыз! Кейбір веб-сериалдар арқылы нені меңзеп, нені айтып, қандай насихат жүргізіп жүрміз? Әріптестер, бізде талғам болу керек қой?! Сценарийді таңдауымыз керек, режиссерді таңдауымыз керек, ролімізді таңдауымыз керек. "Танылып қалсам болды" деген нағыз өнер адамына келетін қылық емес. Ешқандай таңдаусыз түсе берсек, деңгей не болмақ?" - дейді Дариға Бадықова.⠀

Оның айтуынша, қаптап кеткен веб-сериалдарға түспейді.

"Қазір мобильді дамыған заман деп қолымыздағы айфонмен веб-сериал түсіре береміз бе?! Режиссер қайда? Оператор қайда? Жалпы, кино группа қайда?! Тек уақыты қысқа, сериясы аз болса, боқтық сөз, тіл мәдениеті жоқ, диалектпен сөйлейтін, веб-сериалдар қаптап кетті. Сіз көресіз бе?! Мен веб-сериалдарға шақырту аламын. Бірақ барған емеспін... Веб-сериалдар қарамаймын, шын сөзім! Анау ғой, мынау ғой, таныдыңыз ба десе, жоқ танымадым деп айта беремін. Көрерменге арзан күлкі өтеді дей беруге болмайды. Көрермен бірдей емес", - деді ол. ⠀⠀

Сонымен қатар, актриса режиссерлерге қатысты да пікір білдіріп, кейбір сериалдарды әке-шеше, бала-шаға қасында отырып көру мүмкін емес екенін айтты.

"Құрметті режиссер?! Қолыңызда камераңыз болса, командаңыз болса, боқтық сөздер аралас сценарийі болса, сериал түсіре бересіз бе?! Талғам деңгей жоқ па?! Анау сериалдардың ешқайсында шиеленіс, оқиға шарықтау шек, оқиға жоқ! Әке-шешеңнің, бала-шағаңның қасында отырып көре алмайсың, мен сізге айтайын!" - дейді ол ашынып.

Ол бәрін қоғамға жабу дұрыс емес екенін жеткізді.⠀

"Қоғам сондай, заман сондай, бәрі бұзылды дейміз. Өнер арқылы адамдарды арзандатып, төмендетіп жатқан біз емес пе?! Қалай ойлайсыз?!" - деп түйіндеді актриса.

Еске салайық, бұған дейін белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram