21 наурыз 2021 14:35

"Шектеу кәсіпкерлер үшін "ауыр" - Алматы әкімдігі үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Алматыда мереке күндеріне орай шектеу шараларын кәсіпкерлер үшін "өте ауыр" екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Алматыда мереке күндеріне орай шектеу шараларын кәсіпкерлер үшін "өте ауыр" екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Карантин шараларына байланысты бизнес жұмысы мәселелері бойынша онлайн-брифингте Еркебұлан Оразалин кәсіпкерлерге үндеу жасады.

"Біз карантин шаралары кәсіпкерлер үшін "ауыр" екенін түсінеміз және ол кіріс көп болады деп күтілген мереке күндеріне сай келіп тұр. Алайда бұл денсаулық сақтау жүйесі жұмысын тұрақтандырып, эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін қабылданған шаралар. 

Кәсіпкерлерге үндеу жасап, бәріне саналы түрде қарап, бір аптаға созылатын шектеу шарасын сақтауын сұраймыз. Егер біз бір апта ішінде карантин шектеулерін сақтасақ, бұл қалыпты өмірге және толыққанды жұмыс істеуге ықпал етеді", - деді Оразалин.  

Еске салайық, кеше, 20 наурызда Алматыда карантин күшейтілген болатын. 2021 жылдың 21-28 наурызына жаңа қаулы қабылданды.  

Қаулыға сәйкес:

- азық-түлік емес дүкендердің жұмысын шектедік (сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін)
- шаштараздар мен сұлулық салондары енді тек жазба бойынша, маникюр, педикюр және косметологиялық қызметтерге тыйым салынады
- қонақ үйлер, демалыс базалары - толымдылығы 50 пайыздан аспайды
- СОО және базарлар жұмысын тоқтатады
- қоғамдық тамақтандыру тек алып кету және жеткізу үшін жұмыс істейді
- қоғамдық көлік және қала маңындағы маршруттар-кесте бойынша жұмыс күндері, демалыс және мерекелік шектеулер енгізілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети