06 маусым 2023 09:10

Шенеуніктер 394 миллион теңгенің сағатын алуға ниет білдірмеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:e-auction.gosreestr.kz Фото:e-auction.gosreestr.kz

Қазақстандық меморгандар арасында 394 миллион теңгеге супер-жеңіл сағаттарды өз теңгеріміне алуға ниет білдірушілер табылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық меморгандар арасында 394 миллион теңгеге супер-жеңіл сағаттарды өз теңгеріміне алуға ниет білдірушілер табылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме швейцариялық танымал Richard Mille брендінің тәркіленген сағаты туралы болып отыр, оны "миллиардер сағаты" деп те атайды. Сәуірдің аяғында бұл супер-жеңіл сағат шенеуніктерге ұсынылды. Дегенмен, электрон сауда алаңында бұл лот ешкімді қызықтырған жоқ. Бірде-бір мемлекеттік орган өз кандидатурасын ұсынбаған.

Осыған байланысты Tengrinews.kz пікір алу үшін Richard Mille сағатын сататын Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне жүгінді. 6 маусымда таңертең қымбат сағат барлық қызығушылық танытқан қазақстандықтар үшін аукционда ұсынылатыны белгілі болды.

"Бұғатталған (тәркіленген) мүлікті сату ережесіне сәйкес, біз оларды алдымен мемлекеттік органдарға ұсынуымыз керек. Бұл міндетті шарт, сондықтан заңнамаға қайшы әрекет жасай алмаймыз:

  • бағалы қағаздар;
  • шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы үлестер;
  • қара және түсті металдардың сынықтары;
  • шикі мұнай;
  • жануарлар;
  • жануарлардан алынатын шикізат;
  • алкоголь өнімдері;
  • темекі;
  • темекі өнімдері;
  • ұялы телефондар;
  • ойын автоматтары;

Осының барлығы сатылғанға дейін мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызмет көрсету субъектілеріне ұсынылуға жатады", - деді ведомство өкілдері.

Сауда таңғы сағат 10:00-де басталып, кешкі 17:00-ге дейін жалғасады. Көрсетілген соманы ешкім ұсынбаса, қайта сату жоспарланады.

"Екінші жағдайда баға кезең-кезеңімен төмендейді және жарты құнына жетуі мүмкін. Егер ықылас білдірген адамдар болмаса, мүлік сауда ұйымдарына беріледі, олармен жыл басында келісімшарт жасалады. Олардың тарапынан сметалық құнының жартысы төленеді, оның 25 пайызы кепілдік ретінде, ал қалғаны сатылғаннан кейін төленеді. Осылайша, мемлекет тәркіленген мүлікті өте арзан бағаға кетіп қалмас үшін қорғайды", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети